• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысының жастарына қазақтың ұлы билері мен шешендері туралы айтылып жатыр

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің мәдениет үйінде Бақытқали Мұсабековтың әдеби-танымдық кеші өтті. «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Шараны Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы, Қарағанды облысының Азаматтық альянсы және Жаңаарқа ауданы әкімдігі ұйымдастырды.
Қазақтың ауызекі сөйлеу мәдениетінің негізі қалануда шешендік өнері үлкен рөл атқарды. Бақытқали Мұсабековтың айтуынша, сондықтан да қазіргі жастар біздің ұлы шешендіріміз туралы білулері тиіс.
- Біздің мақсатымыз – еліміздің билері мен шешендері қалдырған рухани мұра туралы айтып жеткізу. Елбасы өзінің қоғамдық сананы жаңғырту туралы бағдарламалық мақаласында басты шарт – өз мәдениетімізді, өзіндік ұлттық кодымызды сақтап қалу екенін атап айтқан болатын. Осы мақсатта біз қалалар мен аудандарда жастармен кездесулер ұйымдастырудамыз, - деді ҚР журналистер Одағының мүшесі, Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Бақытқали Мұсабеков.
Кездесу барысында ол тыңдаушыларға Майқы би мен Аяз биден (ХІІ-ХІІІ ғғ.) бастап, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биге дейін қазақ халқының шешендік өнерінің қалыптасуы туралы айтып берді. Сонымен қатар көрермендерге Әнер баба мен Бұқар жырау туралы айтылған әңгімелер қызықты болды. Лекция барысында 20 би мен шешендер туралы әңгімелер айтылды.
Бұған дейін осы секілді танымдық кештер Осакаров, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында ұйымдастырылған болатын.
- Осындай кездесулер тек жастар үшін ғана емес, барлық тұрғындар үшін пайдалы. Бүгін біз көп мағлұмат алдық, көп нәрсені білдік, - деп өз әсерімен бөлісті Жаңаарқа ауданының ардагерлер қоғамының мүшесі, зейнеткер Шахизада Әбілдин. – Менің ойымша, «Рухани жаңғыру» секілді осындай бағдарламалар жастарымыз ата-бабаларын, ұлы билер мен шешендерін ұмытпауы үшін өте қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2017-ші жылдың 12-шісәуірінде Қазақстан Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған мақаласы жарияланған болатын. Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты президенттің бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың негізгі бағыты осы.
Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы – қоғам қайраткері, абайтанушы, композитор, ҚР журналистер Одағының мүшесі, Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері.