• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында биылғы жылы 480 гектар орман отырғызылады

480 гектар орман биыл Қарағанды облысында отырғызылады. 23 гектарға қылқан жапырақтылар отырғызылса, қалғанына – жапырақты ағаштар егіледі.
Жаңа ағаштар қарағандылық, жаңаарқалық, теміртаулық, кувск орман шаруашылықтарында және Қарқаралы ұлттық саябағында пайда болады.
- Біз өз тәлімбақтарымызда тұқымнан өсірілген екі жылдық көшеттерді отырғызамыз. Ағаштардың бойы небары 10-15 сантиметр, жерсініп кету нормасы 60% құрайды. Алғашқы үш жылда біз егілген аумақты толықтырып отырамыз, дәлірек айтар болсақ, жерсінбеу қурап қалған ағаштардың орнына жаңасын отырғызамыз, - деді Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябақ директоры Ерлан Құтпанбаев.
Ағаштар отырғызылған соң аумақты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы тексереді. Бір гектарға шамамен 8 мың көшет отырғызылады. Бір көшеттің өзіндік құны 7-8 мың теңгені құрайды.
Қарағанды облысында орман отырғызу ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетімен бекітілген 15 жылдық даму жоспарына сай өтіп жатыр.