• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

100 жаңа оқулық

Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 18 оқулық аударылып, оқулықтардың тұсау кесерін Елбасының өзі өткізді. Бұл, осы жобаға жоғары деңгейде көңіл бөлініп отырғаның көрсетеді.
Оқулықтардың тұсау кесерінде, Елбасы, «Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді.
Тарихшы, оның ішінде бүкіл әлем тарихы бойынша маман ретінде өз ойымды қосатын болсам, бұл жоба, білім үшін өте манызды, себебі, студенттік жылдарда бүкіл әлем тарихы бойынша қазақ тілінде оқулықтардың өте аздығынан қазақ тілді студенттер бүкіл әлем тарихымен танысуға үлкен кедергі болатын. Амал жоқ, орыс тіліндегі оқулықтармен жұмыс жасауға мәжбүр болатынбыз, бұл өз алдына Кеңестік, ресейлік авторлардың білім, идеология призмасы арқылы жазылған оқулықтар қазақ баласына бүкіл әлем тарихымен шынайы танысуына, объективті бағалауына мүмкіндік бермейтін. Еңдігі кезекте аталмыш жоба шеңберінде бүкіл әлем тарихы бойынша шығатың оқулықтар осы мәселені шешеді деген үміттемін.

Е.А. Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Ермек Аймахов