• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында арқарлар мен киіктердің көбеюі қалпына келтірілуде

Қарағанды облысында киіктер мен арқарлардың көбеюі қайта қалпына келтірілуде. Ол жайлы Қарағанды облысының аймақтық орман шаруашылығы инспекциясының жануарлар әлемі бөлімінің бас маманы Евгений Протас мәлімдеді.

Осы жылдың мамыр айының басында Қарағанды облысындағы киіктер мен арқарлардың көбеюінің авиаесебі жасалды. Арнайы формуланың көмегімен жануарлардың саны есептелді.
- Киіктер мен арқарларды көбірек шоғырланған жері таңдалады да, сол жердің үсітен тікұшақпен қшып өтеміз. Арнайы маркерлер бар, олар бір жануарды екі рет санауға мүмкіндік бермейді. Сонан соң, көрген жануарларды пайдалана отырып, аймақтағы популяцияның жуық көлемі есептеледі, - деді Евгений Протас.
Осылайша, егер өткен жылы Қарағанды облысында 7,5 мың арқарлар болса, биылғы жылы алдын ала есептер бойынша бұл сан 8 мыңға жетіп отыр. Киіктер болса аймағымызда анағұрлым көбірек – өткен жылы популяция шамамен 52 мың бас болса, биылғы жылы ол көрсеткіш мамандардың болжауынша тағы бірнеше мыңға ұлғайған.
Арқар мен киіктің популяциясы Қазақстанның барлық аймақтарында қорғалуда. Оларды аулауға тыйым салынған. Ересек арқарды атып өлтірген қарақшыларға 1500 АЕК (3 607 500 теңге) көлемінде зиян өтеп, 5 000 АЕК (12 025 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеу керек болады. Өлтірілген ересек киік үшін өтемақы сомасы 500 АЕК (1 202 500 теңге) құрайды.
2017-ші жылы облысымызда арқарларды ату бойынша екі дерек және киікті аулау бойынша 10 жайт тіркелген.