• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық форумы өтті

Қарағандыда Жас натуралистер станциясында «Табиғатты аяла» ХІІ Республикалық жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистер форумының облыстық кезеңі өтті.

Оған Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының, Абай, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарының, сондай-ақ Н.Нұрмақов атындағы, «Дарын» және қыз балаларға арналған №2 «Білім-инновация лицейінің» 14-16 жас аралығындағы 89 мектеп оқушылары қатысты.

Қатысушылар түрлі тақырыптарға 69 зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынды, оның ішінде «Өз туған өлкемізді зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» секілді тақырыптар болды. Форум шеңберінде ұйымдастырушылар «Табиғаттың құтқару дөңгелегі» атты квест және «Қоқыстар - табысқа» шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізді.
Байқау жұмыстарын Қарағанды медициналық университетінің, «Экообраз» табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Жас натуралистер станциясының өкілдері, балалар көркем өнер мектебінің педагогтары бағалады.
Барлық қатысушылар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды. Үздік жобалардың авторлары Қарағанды облысын республикалық форумда таныстырады.