• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа жетекшісі тағайындалды

 ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа жетекшісі қызметіне Ақылбек Қарабалаев тағайындалды.

Ақылбек Жамалбекұлы Қарабалаев 1988 жылы дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін және Қазақ-Американ университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист және заңгер.

Мемлекеттік қызметке 2009-шы жылы орналасқан. 2012-ші жылға дейін Алматы, Павлодар және Өскеменде сот жүйесінде түрлі қызметтерді атқарған.
2014-ші жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым мнистрліктерінің орталық аппараттарында жұмыс істеген.
Осы тағайындалуға дейін ҚР қаржы министрлігінің Қазыналық Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша қазыналық департаменті жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.