• 4724 барлығы
  • 27 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысының 600 полиция қызметкері ҚазТест тапсырды

Қарағанды облысының ІІД-де «Мемлекеттік тілді дамыту – рухани жаңғыру кепілі» мемлекеттік тіл мәселелеріне қатысты семинар ұйымдастырылды. Сонан соң полиция қызметкерлері қазақ тілін меңгеруге байланысты тест тапсырды.
Емтихан қабылдаушылар ҚазТест Ұлттық тест орталығы болды. Тестілеуге 600 қызметкерлер, оның ішінде облысымыздың шалғайдағы қалалар мен аудандарының полицейлері де қатысты.
- Біздің алдымызда 2020-шы жылға дейін ішкі істер органдарының 95% қызметкері қазақ тілін білуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы жылдан бастап қазақ тілін оқыту бойынша тегін үш айлық курстан кез-келген ниет білдіруші қызметкер өте алады. Екі кезеңнен құралатын – диагностика және тестінің өзі ғана ақылы болады, - деп түсіндірді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының аға әдіскері Жұпар Жақанова.
Қарағандылық полиция қатарында 6000 адам қызмет етеді. Тестілеу кезең-кезеңмен өтеді.
Kaztest – бұл Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын отандық жүйе. Ол TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ және т.б. секілді тіл білу деңгейін бағалау халықаралық жүйесінің тәжірибесіне негізделген. Жүйе тестіден өтушінің коммуникативті құзырлығын бағалауға бағытталған.


Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша