• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында кесенелер мен тарихи жерлерге апарар жолдар жөнделе бастады

Қарағанды облысында туристерге сәулет және тарихи ескерткіштерге барар жолдарды жеңілдету үшін шаралар қолдануда. 2018-ші жылы киелі мекендерге баратын жолдарды жөндеу үшін 2,7млдр теңге бөлінді.
Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
- «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы адамның туған жерімен байланысына негізделген рухани дамуына бағытталған жоба. Бұрыңғы заманнан Қарағанды индустриализация, шахталар, Карлагпен ассоциациялатын аймақ болған. Біз ол таптаурын пікірді бұзғымыз келеді. Қарағанды облысы Ұлытаудың арқасында Қазақ мемлекеттілігінің бесігі деген дәрежені иеленгенін қалаймыз, - деді Ерлан Қошанов.
2017-ші жылы Қарағанды-Жезқазған автожолының жөндеуі басталды. Ол жұмыстар биылғы жылы аяқталады. Бұл Ұлытау ауданына жету қиындығына қатысты мәселені шешеді.
- Биылғы жылы біз Ұлытаудың қасиетті нысандарына, Алаша хан мен Жошы ханның кесенелеріне, жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын Хан ордасы мен Алтын Шоқы жеріне алып батарын жолдарды жөндей бастадық. Бұл мақсаттарға 2,7 млрд теңге бөлінді, - деді облыс әкімі. – Бұған қоса, қасиетті жерлерге дейін баратын жолдарды салуға 5 млрд теңгеден астам қаражат қажет. Біз сол жұмыстарды алдағы уақытта атқаруымыз керек.
Оның мәлімдеуінше, 2017-ші жылы Ұлытауға 11 мың адам барып қайтқан екен. Алайда туристер саны одан да көп болуы әбден мүмкін.
Ұлытау кентінде туристік инфрақұрылымды жақсарту үшін Визит-орталық салу жоспарланып отыр. Онда экскурсияларға тапсырыс беріп, бағыттар және қай жерлерде тоқтауға болатыны туралы ақпарат алуға болады.
Аймақтық картаға жергілікті маңызы бар 43 қасиетті нысандар және 21 жалпы ұлттық нысан енгізілген. Барлығы облыста 2700 тарихи және мәдени ескерткіштер бар.