• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда қыркүйекте археологтардың халықаралық симпозиумы өтеді деп жоспарлануда

Қарағанды облысында бірегей Сарыарқа пирамидасының алаңында ашық аспан астындағы мұражай салынады деп жоспарлануда. Ал алдағы күз айларында қарағандылықтар халықаралық археологтар симпозиумын өткізеді.
Ол туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.
- Өткен жылы халық арасында Сарыарқа пирамидасының ашылуы үлкен қызығушылық тудырған болатын. Ол туралы әлемдік БАҚ да жазды. Пирамиданың 100 шақырым радиусында 200-ден астам тарихи ескерткіштер бар. Біз 2019-шы жылы ол жерде ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімі. - Ал қыркүйекте жапондық Эхима университетінің зерттеушісі Ясуюки Мураками мырзаның қатысуымен халықаралық симпозиум өткіземіз деп ойластырудамыз.
Шет елдік ғалым екі жыл бұрын қарағандылық археологтармен бірге Кент тауларының Алат елді мекенінде жұмыс атқарған болатын. Мамандар балқыту пештерінің қалдықтарын зерттеген. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ежелгі металлургиясының тарихы ресми датадан көп уақыт бұрын басталғанына меңзейді.