• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында екі жылдан соң өлкетану мұражайы жоқ мектеп қалмайды

Қарағанды облысында 125 мектепте қазіргі таңда өлкетану мұражайлары қызмет етеді, ал алдағы екі жыл көлемінде олар қалған барлық мектептерде құрылатын болады. Ол туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында облыстағы оқушылар қасиетті жерлерге экскурсияларға шығуға мүмкіндік алды. Сабақтардың бір бөлігі трихи-өлкетану мұражайларында өтеді. Өткен оқу жылы барысында ондай сабақтарда 100 мыңнан астам оқушылар болып қайтқан, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Жәнеде біз өз туған өлкесінің тарихымен, рухани киелі жерлердің тарихымен таныса отырып, балалардың жүрегінде туған жеріне деген махаббаты туындайтынын көріп отырмыз. Ал ол дегеніміз – сананы жаңғыртудың басты мақсаттарының бірі.
Ол Елбасының «патриоттықтың ең жақсы үлгісі – мектептерде туған өлкеңнің тарихын оқып-зерттеу» деген сөздерін еске салды.
- Облыста мектеп жандарында өлкетану мұражайларын құру бойынша жұмыстар басталды. Олар осыған дейін де болған, алайда ол өте сирек кездескен жайт еді. Ал бүгінгі күні облысымыздың 125 мектебінде осындай мұражайлар ашылған. Екі жылдан соң олар аймағымыздың барлық мектептерінде жұмыс істейтін болады, - деді Ерлан Қошанов.