• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысының әкімдігінде экологтарға құрмет көрсетілді

Қазақстанның экологиялық қызметіне 30 жыл толды. Қоршаған ортаны қорғаушыларды мерейтойымен Қарағанды облыстық әкімдігінде құттықтады.
- Бүгін біз Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін және еліміздің экологиялық қызметінің мерейтойын атап өтудеміз. 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау органдары жүйесінінің құрылуына бастау берген табиғатты қорғау ведомствосының негізі қаланды, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. – Біздің мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтап қалу бағытында нақты саясат жүргізілуде. Экологиялық кодекс, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу Концепциясы қабылданды.
Ол сонымен қатар аймағымызда ластануды төмендету бойынша жұмыстар өткізіліп, жыл сайын табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын шығындар ұлғайтылып келетінін атап айтты. 2016-2017 жылдарда жұмсалған қаражат сомасы 33 млрд теңгеден асқан екен. Ол қаржы түрлі көздерден жіберілген.
Облыс әкімінің орынбасары эколог мамандарға ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. Кәсіпорындардың және мемлекеттік органдардың жұмыскерлері мен басшыларына облыс әкімінің Құрмет грамоталары және экологиялық қызметке 30 жыл толу мерейтойлық медальдар табыс етілді.