• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге арналған пилоттық сандық жобалар жүзеге асырылуда

Қарағанды облысында кәсіпкерлермен жұмыс барысында жаңа ақпараттық жүйелер қолданылуда, жәнеде бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде енгізіліп жатқан жаңа бастамалар туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Қайрат Орқашбаев Аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
«Виртуалды қойма» модулі Дүниежүзілік банк жобасының шеңберінде жүзеге асырылуда. Жүйе шынайы уақыт режимінде салық төлеушінің қоймасындағы қалдық тауарларды автоматты түрде есептеу жүргізуге, сондай-ақ тауардың Қазақстанға кіргенінен бастап, нақты тұтынушыға жеткізілгенге дейінгі жылжу тізбегін қадағалауға мүмкіндік береді.
- Бүгінгі таңда «Виртуалды қойма» модулі бізде автомобильдерді сату саласында жұмыс істеп жатыр. Қарағанды облысының аумағында бұл қызмет түрімен 7 салық төлеуші айналысады – олар тауарлардың қалдығын белгілейді де, электронды түрде есеп-фактурасының жазбасын жасайды, - деп түсіндірді спикер.
Бұл есеп жүйесі кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болып табылады, сонымен қатар көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге ақпал етеді, деп атап өтті ол.
2019-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап барлық тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.
«Тауарларды маркалау» ақпараттық жүйесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің келісімшарты шеңберінде енгізіліп отыр.
- Пилоттық жобада тауарларды маркалау әзірге тек тері бұйымдарына, дәлірек айтар болсақ тондарға ғана қарастырылған. Бұл іс-әрекет түрімен Қарағанды облысында 112 салық төлеушілер айналысады. Олар маркалауға арналған 46 мың бақылау-сәйкестендіру белгілеріне (БСБ) тапсырыс берді, олардың ішінде 15 мыңы алынып, тері бұйымдарын маркалауға пайдаланылды, - деп мәлімдеді Қайрат Орқашбаев.
Оның айтуынша, жүйе тұтынушылар үшін артықшылықтар береді – контрофактілі бұйымдардан қорғап, сатып алынатын тауар туралы анық ақпарат береді. Пайдасы мемлекетке де бар – көлеңкелі экономика деңгейі төмендеп, салықтық кірістер көлемі артады.
2019-шы жылдан бастап маркалау Қазақстан бойынша басқа да қымбат бағалы өнімдер үшін міндетті болады.