• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылықтарға 2 тәулікке су қорын жинап қою қажет

2018-ші жылдың 12-13 маусымында су құбырларын жоспарлы түрде дезинфекциялау шаралары өтеді. Ауыз су жоғары мөлшерде хлорланып жіберілетін болады. Ол жайлы «Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына хабарландыру жасады.
Қызмет көрсетуші компания келтірілетін ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрап, екі күнге жететін ауыз су қорын жинап қоюға кеңес береді. Құбырдан ағатын суды тамаққа қосуға немесе ішу үшін пайдалануға тыйым салынады.
Ақтас кентінің тұтынушыларына 13 және 14 маусым күндеріне су қорын жинап қою қажет.
«Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша