• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтің 95%-ын электрондық түрде алады

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет деңгейі 95%-ға жетті. Мұндай статистиканы Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Қайрат Орқашбаев аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- Елбасының алға қойған басты міндеттерінің бірі көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік кіріс органдары мемлекеттік қызметтің 49 түрін көрсетеді, оның ішінде электрондық түрде – 31, - деді баяндамашы. – 2018-ші жылдың 1-ші тоқсанында 405 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 385 мыңынан астамы немесе 95,1%-ы электрондық түрде жүзеге асырылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,7%-ға ұлғайып отыр.
Оның айтуынша, кезек күту уақыты 2,5 минутқа дейін қысқарған, орташа есептегенде қызмет көрсету уақыты 5,5 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметтер арасында ең жиі көрсетілетіні – салықтық қарыздың жоғы немесе бары туралы анықтама алу және түрлі негіздемелер бойынша тіркеу есептері болып табылады.
Қарағанды облысында пилоттық режимде эксаумақтық белгісі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәжірибесі енгізілді. Салық төлеушілер қажетті қызметті қай жерде тіркелгеніне қарамастан, жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан барып ала алады.