• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Эльмира Сыздықова Mongolia Open турнирінің чемпионы атанды

Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторда еркін және әйелдер күресі бойынша «Mongolia Open» халықаралық турнирі аяқталды.
Нұрлан Аманқосовтың жетекшілігіндегі әйелдер құрамасының есебінде төрт медаль бар.
Рио де Жанейрода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келі салмақ дәрежесі бойынша моңғол күресшісін жеңіп шығып, турнирдің алтын медалін иеленді.
Дәл осы салмақ дәрежесінде қола медальді Гүлмарал Еркебаева жеңді.
68 келі салмақ бойынша Жәмилә Бақбергенова мен 53 салмақ дәрәжесінде Айгүл Нұрәлім күміс және қола медальдарды иеленді.
Ерлер құрамасында медальдарды Қуат Әміртаев пен Олег Болтин жеңіп алды.
olympic.kz