• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында шағын несие арқылы қолдау көрген бизнес-жобалардың саны екі есеге артты

Қарағанды облысында 2018-ші жылы кәсіпкерлікті шағын несие арқылы қолдауға 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 1500 жаңа бизнес-жобаларға жетеді, ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбірек.
Бұл мәліметтерді облыс әкімі Ерлан Қошанов «Атамекен» ҚР ҰКП Президиум төрағасы Тимур Күлібаевтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесінің отырысында келтірді.
Кездесу барысында бизнес-климатты жақсарту, кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері талқыланды.
- Әкімдіктермен бірге жасалатын жұмыс бірнеше жыл бұрын тұралап қалған мәселелерді шешіп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда өзектілік басқа бағытқа бұрылды, - деді Тимур Күлібаев. – Біз Қарағандыда бірнеше кәсіпорындарды аралап шықтық, белсенді түрде жаңартулар жүргізіліп, кәсіпорындарды жаңғыртуға инвестициялар салынып жатқанын байқадық. Қазір бизнесмендер қаражаттың қолжетімділігі туралы мәселелерді жиі көтереді.
Ол Қарағанды облысының басшылығы мен бизнес-қауымдастықтар арасында белсенді диалог жүріп жатқанын атап өтті.
Қарағанды облысы әкімдігінің жанында кәсіпкерлік мәселелері бойынша Комиссия жұмыс істейді. Кеңес беру- кеңесші орган Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылған. 2017-ші жылдан бастап комиссия деңгейінде бизнесмендер 25 мәселені көтерді, жәнеде оның 18-і бойынша шешім табуға мүмкіндік туды.
- Бұл бағытта біз одан әрі жылжыдық. Облыстық комиссияға ұқсастырып аймақтың барлық 18 қалалары мен аудандарында ККО құрдық. Ол бізге әр кәсіпкерге жеке көмектесіп, олардың проблемаларын жергілікті жерде жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Егер мәселені жергілікті деңгейде шешу мүмкін болмаса, оны облыс деңгейіне шығарады, - деп ақапараттандырды Ерлан Қошанов.
Кәсіпкерлердің өтініші бойынша ашық түрде бос жер телімдері мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған өндірістік ғимараттардың картасы жарияланды. Қазіргі таңда онда 500-ге жуық нысан ұсынылып отыр.
Бүгін облысымыздың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігі орта және шағын бизнес саласында қызмет етеді, деп атап өтті облыс әкімі.
- Елбасының бастамасының арқасында жаппай кәсіпкерлікті қолдау кеңейіп отыр. Нәтижесінде облыс бойынша шағын несилеуге алғаш рет 5,7 млрд теңге бағытталмақ. 1500-ге жуық жаңа бизнес-жобаларға қолдау көрсетіледі, ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбірек, - деді Ерлан Қошанов. – Бұл дегеніміз «Бастау» бағдарламасының одан да көбірек қатысушылары, дәлірек айтар болсақ 2000-ға жуық болашақ кәсіпкерлер өз бизнесін бастай алады дегенді білдіреді.
Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша биылғы жылы республикалық қаражатқа қосымша облыстық бюджеттен 500 млн теңге несиенің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға бөлінді.
Шағын қалалардағы қаржының қолжетімділігі мәселесін шешу үшін аймағымызда облыстық шағын несиелеу ұйымын құру туралы шешім қабылданды.
- Оның несиелік портфелін 1 млрд теңгеге дейін құрастыру жоспарланып отыр. Ол банктерге қарағанда стартап-жобаларды анағұрлым либералды шарттармен қаржыландыруға мүмкіндік береді, оның ішінде кепілдік қамтамасыз ету бойынша да, - деп атап өтті облыс әкімі.