• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда маусымда балаларға арналған спорт лагері ашылады

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Шахтёр» футбол клубы және «Шахтёр» стадионының басшылығы балалар, жасөспірімдер және жастар футболын қолдау және дамыту туралы меморандум орнатты.
Келісім жаппай спорт үшін жағдай жасауға бағытталған.
- Бұл меморандум бізге балалар спортына, дәлірек айтар болсақ футболға көбірек назар аударуға мүмкіндік береді, бұл спорт түріне әуес балалардың қызығушылығын тудырып, «Шахтёр» командасы үшін жаңа кадрлар даярлауға жол ашады, - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов.
Ол облыс әкімі Ерлан Қошановтың спорт басқармасының алдына қойған міндеті – біртіндеп легионерлерді жергілікті әлеуетті спортшыларымызбен алмастыру керектігі туралы еске салды.
18-ші маусымнан бастап «Локомотив» стадионының базасында Shakhter Camp балаларға арналған спорт лагері жұмыс істей бастайды. Ол бір маусымда 30 балаға шақталған.
- Лагерь 10 жастан жоғары балаларға арналған жәнеде барлық ниет білдірушілерді қабылдайды. Біз лагерь мәдениетін дамытуды бастадық – балалар сүйікті спорт түрімен айналысып қана қоймай, демалып, қатарластарымен араласа алады, - деді «Шахтёр» ФК атқарушы директоры Әлібек Урузғалиев.
Лагерде әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен шеберлік-сыныптар өткізілетін болады. Балалардың жататын орны мен бес реттік тамақтану, күн сайын өтетін футбол жаттығулары қарастырылған.
- Кез-келген спорт, әсіресе футбол ауладан, аула клубтарынан басталады, қазір ондайлар бізде көп. Бүгінгі таңда спорт алаңдарының құрылысы жаппай спортты дамыту үшін белгілі-бір инфрақұрылым құрады. Біздің міндетіміз – бұл мүмкіндіктерді шоғырландырып, балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға басымдылық жасау,- деп атап өтті «Шахтёр» ФК футбол орталығын дамыту бойынша директоры Наталья Сухорукова.
12-ші маусымда «Шахтёр» стадионының алаңында «Өзгеше сен» челленджін қолдау мақсатында және қарағандылық «Шахтёр» футбол клубының мерейтойы құрметіне флеш-моб өткізіледі. Акцияға жүздеген жас спортшылар қатысып, «Шахтёр-60» жазуы бойымен тізбектеліп тұрады.
Shakhter Camp лагері туралы толығырақ келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады:
+ 7 (7212) 41-18-31.
Фото Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметімен ұсынылды