• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда жаңа скалодром салынды

«Қарағанды Арена» Мұз сарайында жаңа қазіргі заманғы кешендік скалодром пайда болды. Онда бір мезгілде 10 күрделі трассаны және 3 жылдам трасса орналастыруға болады. Тағы бір бөлек скалодром боулдерингке – бірнеше кішігірім күрделі трассаларды қысқа үзілістермен өтуге арналған.
Жаңа скалодромның биіктігі – 13,7 метр. Оны жабдықтауға облыстық бюджеттен 15 млн теңге бөлінді. Пайдалануға әзірге тек екі трасса, бірі- жылдамдыққа, екіншісі – күрделі трассалар дайын жәнеде қосымша скалодром боулдерингке арналған.
- Қалған трассаларды біз соңына дейін жасаймыз. Бір мезгілде, бір біріне кедергі келтірместен дистанцияны жылдамдыққа жеті адам өте алады. Әрине, мұндай сапалы скалодромның пайда болуы Қарағанды облысының Тауға шығу Федерациясы үшін өте маңызды. Осыған дейін қалада олардың саны небары төртеу, жәнеде олардың барлығы нормаларға сай келе қоймайтын.Оның екеуі – коммерциялық, біз жаттығулар өткізу үшін жалдама ақысын төлеп отырдық. Қазір жаттығулардың негізгі бөлігі осында, Мұз айдынында өтеді, - деді Қазақстан Республикасының тауға шығу бойынша жоғары санатты ұлттық судьясы Сәуле Ысқақова.
Ол тауға шығу олимпиадалық спорт түрлері тізіміне енгізілгенін, жәнеде келесі жылы Токиодағы Олимпиада Ойындарында енгізіледі.
- Бізге жылдамдық, күрделілік және боулдеринг дистанцияларында өнер көрсету керек болады. Қазір біз өз спортшыларымызды барлық үш түр бойынша жаттықтыруға мүмкіндік алып отырмыз, - деп қосты ол.
Жаңа скалодром еліміздегі ең үздіктердің біріне айналды. Инфрақұрылымы ірі чемпионаттар мен сайыстар өткізуге мүмкіндік береді.
12 маусымда жаңа скалодромда жасанды бедерде Қарағанды облысының тауға шығу Федерациясының ашық Кубогы өтті. Сайыс Астананың 20 жылдығына арналды.
Бүгін тауға шығу мектебінде бес жаттықтырушыдан 300-ге жуық Қарағанды мен Теміртаудың балалары тәлім алады.