Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

ЖОБА шешімі Сот шешімімен Қарағанды қаласының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес, Қарағанды қаласыбойынша коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Қарағанды қаласының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


VI шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
XVII кезекті сессиясының төрағасы

Б. Досжанов


Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы

К. Бексұлтанов

Келісілді:

«Қарағанды қаласының
коммуналдық шаруашылығы,
жоаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а.

 

И. Кабидулла
 


 


Дата cоздания: 27 Ноября 2017 11:43
Дата редактирования: 27 Ноября 2017 11:44