Қарағандыда
  • USD 385.42
  • EUR 424.58
  • RUB 6.00
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

ЖОБА
шешімі

Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді реттеу мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қоса беріліп отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 548 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

VI шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
XVII кезекті сессиясының төрағасы

 

Б. Досжанов

Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы

 

К. Бексұлтанов

Келісілді:

«Қарағанды қаласының
коммуналдық шаруашылығы,
жоаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» ММ басшысыныңм.а.

 

 

 

И. Кабидулла

Қарағанды қалалық мәслихатының
шешіміне №1 қосымша

 

Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы


Атауы

Жинақталу нормасы,
м3

1м3
үшін тариф
(ҚҚС-мен) (теңге)

Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге үшін қызмет құны,
теңге

Заңды тұлғаларға (1м3 үшін)

 

1508

 

Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй
(1 тұрғынға)

1,76

1508

221

Жайлы емес тұрғын үй
(1 тұрғынға)

2,26

1508

284


Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы; м3-текше метр.


Дата cоздания: 08 Декабря 2017 10:19
Дата редактирования: 08 Декабря 2017 10:20

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина