ЖОБА
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1), 8-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Занының 65 бабы 3 тармағына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Әубәкіров
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «____» ___________
№_______ қаулысымен бекітілген
Жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысы
№ |
Білім беру ұйымдарының түрі |
Ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
1 |
Бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (инклюзивті топ) |
11000 |
34000 |
2 |
Бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (арнайы топ) |
11000 |
58500 |