Қарағандыда
  • USD 387.37
  • EUR 428.55
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Занына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
  2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қазандағы №45/04 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Қарағанды облысының Әділет департаметінде 2017 жылығ 30 қазанда №4425 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                    Н. Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «____» ________
№______ қаулысына
қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы
тәрбиеленушілердің саны

Ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

  1.  

Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (қалыпты топ)

12839

6854

11000

11000

22550

26000

  1.  

Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (инклюзивті топ)

50

100

11000

11000

34000

34000

  1.  

Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (арнайы топ)

850

80

11000

11000

52000

52000


Дата cоздания: 14 Декабря 2018 16:06
Дата редактирования: 14 Декабря 2018 16:08

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина