Қарағандыда
  • USD 387.16
  • EUR 428.47
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2014 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында күндізгі оқу нысынында оқитындардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

ЖОБА

2014 жылдың  қыркүйек, қазан,  қараша, желтоқсан айларында  күндізгі      оқу  нысынында  оқитындардың қала ішіндегі  қоғамдық  көлікте   (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының  1994 жылғы  21 қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 22 бабы 2 тармағының  5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы  2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»     Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты             ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі  қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2014 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында жеңілдікпен жол жүруі белгіленсін:
1) жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан (7 жастан үлкен) сегізінші сыныпқа дейін қоса алғанда білім алушыларына – билеттің толық құнының 50% төлеумен;
2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қоса алғанда, күндізгі оқу нысанындағы, колледждер мен жоғары оқу  орындарында  оқитындарға  белгілі  күнтізбелік мерзімге  арналған  жеңілдікті ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік  саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы  Мухтаров Жандил Ахуанович) жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2014 жылғы 1 қыркүйегінен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

V шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
кезекті ХХХІІ сессиясының төрағасы
С. Кентбек

Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы
Қ. Оспанов

Келісілді:

«Қарағанды қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Д. Жекебаев

«Қарағанды қаласының коммуналдық
 шаруашылығы, жолаушылар көлігі
 және автомобиль жолдары бөлімі»
 мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Шалтаков


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина