Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі №15/06 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңдарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50 баптарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі №15/06 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3766 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 мамырда №74-75 (22180) «Орталық Қазақстан», 2016 жылғы 27 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстығы заңға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қала әкімі        Н. Әубәкіров
 


 


Дата редактирования: 18 Февраля 2019 09:09