Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласы әкімдігі қаулысының жобасы Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақыны есептеу Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақыны есептеу Қағидасы бекітілсін.
2. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға осы қаулыдан шығатын басқа шараларды сәйкес қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Е.Б.Ағатановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н. Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «___» ___________
№ _______ қаулысымен бекітілді

Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақыны есептеу
Қағидасы

1. Осы Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақыны есептеу Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру Қағидасының 50 тармағына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақы ставкасын есептеу тәртібін белгілейді.
2. Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалгерлік ақы ставкасын есептеу, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс типтерін, тұрғын емес үй-жай түрлерін, индженерлік коммуникациялардың бар болуын, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрлерін, жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын есептейтін, базалық ставкалар және қолданылатын коэффициенттер көлемдері негізінде белгіленеді және
Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф формула бойынша іске асырылады:
Ап - Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің жалгерлік ақы ставкасы;
Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық ставкасы, жылына теңгемен;
S – жалға алатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс түрін есептейтін коэффициент;
Кв – тұрғын емес үй-жай түрлерін есептейтін коэффициент;
Кик – инженерлік коммуникациялардың бар болуын есептейтін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын есептейтін коэффициент;
Квд – жалдаушы қызметінің түрлерін есептейтін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын есептейтін коэффициент.
3. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа қажетсіз заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалгерлік ақы ставкасын есептеу An = C x Nam / 100 x Кп формуласымен іске асырылады.
An - жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа қажетсіз заттарға жылына жалгерлік ақы ставкасы;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа қажетсіз заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде 100 пайыз тозуы есептелген қалдық құны алғашқы (қалпына келтіретін) құнынан 10 пайыз көлемінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 120 бабына сәйкес амортизацияның шекті мөлшері;
Кп – төмендеткіш коэффициент (жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа қажетсіз заттар тозған кезде шамамен алпыс пайыз – 0,8 көлемінде қолданылады).
4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің сағаттары бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде сонымен бірге Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, автокөлік құралдарға және басқа қажетсіз заттарға жалгерлік ақыны есептеу келесі формула бойынша іске асырылады:
Ач =Ап/12/Д/24,
Онда:
Ач – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, автокөлік құралдарға және басқа қажетсіз заттарға сағатына жалгерлік ақы ставкасы;
Ап – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, Қарағанды қаласының коммуналдық заңды тұлғалар балансында тұрған жабдықтарға, автокөлік құралдарға және басқа қажетсіз заттарға жылына жалгерлік ақы ставкасы;
12 – жылына айлардың саны;
24 – тәуліктегі сағаттар саны;
Д- объектілерді мүліктік жалға беруді іске асыратын айдағы күндер саны.

Қарағанды қаласының
коммуналдық мүлкін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру
кезінде жалгерлік ақы ставкасын
есептеу Қағидасына қосымша

Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезіндегі базалық ставка және қолданылатын коэффициенттердің көлемі
Базалық ставка көлемі – Қазақстан Республикасының републикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіші.


Коэффициентер түрі

Коэффициент көлемі

 

Құрылыс түрлерін есептейтін коэффициент (Кт):

1

1.1 ғимарат

1,0

1.2 спорттық ғимараттар (стадион, спорттық зал, спорттық алаңдар)

0,7

1.3 басқа құрылыстар (ғимарттар)

0,9

2

Тұрғын емес үй-жай түрін есептейтін коэффициент (Кв):

2.1 жер үсті қабаттағы үй-жай

1,0

2.2 астыңғы (жартылай жер төле) қабаттағы үй-жай

0,9

2.3 Жер төле қабатындағы үй-жай

0,8

2.5 басқалары (шатыр, шатырдың асты, тамбур, мансарда, лоджия, спорттық ғимараттар және басқалары)

0,7

3

Инженерлік коммуникациялардың бар болуын есептейтін коэффициент (Кик):

3.1 барлық инженерлік коммуникациялармен үй-жай үшін (жылу-, электр-, су жабдықтау және су бұру) қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түр 0,1-ге төмендетіледі

1,0

4

Аумақтық орналасуын есептейтін коэффициент (Кр):

4.1 Қазыбек би атындағы аудан

3,0

4.2 Октябрь ауданы

2,0

5

Жалдаушының қызмет түрлерін есептейтін коэффициент (Квд):

 

5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы поштасының Ұлттық операторы, төлемақы банкоматтары, терминалдар (мультикассалар) үшін

2,5

5.2 брокерлік қызмет және кеден қызметтерін көрсету, қызметі құнды қағаздар нарығымен, сақтандыру, инвестициялық компаниялармен, нотариалды конторлармен, адвокаттық конторлармен байланысты айырбастау пунктері және ұйымдар үшін

3,0

5.3 сауда ұйымдары, қонақ үй қызметтері, сауда автоматтары үшін

2,5

5.4 қоғамдық тамақтану (асхана, буфет) ұйымдары үшін

1,5

5.5. білім мекемелеріндегі (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде) қоғамдық тамақтану (асхана, буфет) ұйымдары үшін

0,5

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, ден тәрбиесі және спорт салаларындағы қызмет түрлерін (қызмет) және ісшараларды ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 ұялы байланыс, интернет желісі (телекоммуникациялық жабдықтарды және басқаларын орнату) саласында қызмет көрсетулерді ұйымдастыру үшін

5,0

5.8 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін:

ғылым мен жоғары білім беру

1,1

орта денгейдегі білім беру

0,9

мектепке дейінгі білім беру

0,8

 

5.9 5.1-5.7 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа қызмет түрлері үшін

2,0

6

Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын есептейтін коэффициент (Копф)

6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін

0,9

6.3 жарғылық капиталдарында мемлекетке акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін

0,5

6.4 Басқалары үшін

1,0

акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі –акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің елуден астам пайызы әрине мемлекетке тиесілігін білдіреді.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35