Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2.      Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 23/04 «Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 3863 тізілімінде болып тіркелген, 2016 жылдың 24 маусымында "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2016 жылдың 30 маусымында № 83-84 (22028-22029) және "Орталық Қазақстан" 2016 жылдың 30 маусымында № 103-104 (22 209) газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.  Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
4.     Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                               Н. Әубәкіров


                                                                                                                                                                          
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «____» _____________
№_______ қаулысымен бекітілген

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жан басына шаққандағы бір айға арналған қаржыландыру мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

балабақша

11355

4543

11000

 

22550

26000

22550

26000

2

мектепке дейінгі шағын орталық

1798

 

11000

 

10735

 

10735

 


Дата cоздания: 17 Мая 2017 10:11
Дата редактирования: 17 Мая 2017 10:12

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина