Қарағандыда
  • USD 377.11
  • EUR 424.21
  • RUB 5.91
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы «Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы» №49/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы «Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы» №49/02 қаулысына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3491 тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 184 (21935) «Индустриальная Караганда» және №209-210 (22094) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, 2015 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе сөзбасындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» №280 қаулысымен» сөзі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысымен» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.С. Молдабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі                 Н. Әубәкіров
 


 


Дата cоздания: 13 Июня 2017 12:44
Дата редактирования: 13 Июня 2017 12:44

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина