Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Қызметті алушылар

3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары

Қызметті көрсету мерзімі

     1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
      2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

1) еркін нысандағы өтініш;
      2) баланың жеке басын куәландыратын құжат;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметті көрсету нәтижесі

білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 16:18