Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

«Қарағанды қаласының білім беру бөлімі» ММ, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн; 
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут; 
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 
      1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш (еркін нысанда); 
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа сәйкестендіру үшін талап етіледі); 
      3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш; 
      4) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) келiсiмi; 
      5) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама; 
      6) білімі туралы мәлімет. 
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы; 
      2) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; 
      3) білімі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі. 
      Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні; 
      2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі; 
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны; 
      5) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары. 
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысы қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ шарт жасау туралы хабарлама жіберіледі.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиеуші болуға ниет бәлдәрген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін дайындалады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер: 
      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмауы; 
      2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы; 
      3) көрсетілетін қызметті алушыны соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі; 
      4) көрсетілетін қызметті алушының өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлуі; 
      5) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы; 
      6) көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерді орындай алмауы.

Қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 
      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама (бұдан әрі - шарт жасау туралы хабарлама) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 16:30

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина