Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

«Қарағанды қаласының білім беру бөлімі» ММ,«электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке  тұлғалар

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн; 
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут; 
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 
      1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда); 
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 
      3) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі; 
      4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама); 
      5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда) 
      6) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама. 
      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      порталда: 
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс; 
      2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі; 
      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама); 
      4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала бар болғанда); 
      5) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі. 
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні; 
      2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі; 
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны; 
      5) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда); 
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары. 
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысы қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде дайындалады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер: 
      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмауы; 
      2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы; 
      3) соттың ерлi-зайыптылардың біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулі деп тануы; 
      4) көрсетілетін қызметті алушыны соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі; 
      5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттету; 
      6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы; 
      7) көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмауы; 
      8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы; 
      9) көрсетілетін қызметті алушыны дәстүрлi емес жыныстық бағдарды ұстануы; 
      10) көрсетілетін қызметті алушының бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеуі немесе алынбауы; 
      11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының жоқтығы; 
      12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушы; 
      13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының жоқтығы; 
      14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы болып табылады.

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

тегін

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.
      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 16:33

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина