Қарағандыда
  • USD 387.16
  • EUR 428.47
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

Қарағанды қаласының білім беру бөлімі 

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үш кезеңнен тұрады.
      I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін;
      II кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейін;
      III кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін.
      құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Тегін

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

«Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары растаған Конкурс қатысушысына берілген ұсыным;
      3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) педагог портфолиосы;
      6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;
      7) электрондық тасымалдағыштағы (компакт-дискідегі) сабақтар;
      8) эссе;
      9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.

          


Дата редактирования: 26 Мая 2016 16:39

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина