Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қала әкімінің есебі

Қарағанды қаласының әкімі

Мейрам Ахмедияұлы Смағұлов

Құрметті қала тұрғындары!

2013 жыл мемлекеттің, облыстың және қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша жұмыс «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған нақты жоспарларын іске асырудан басталды.

Аталған стратегия мемлекетіміздің алға қарай қарышты қадам басуына негіз қалайтын шамшырақ болып табылады. Президент ұсынған барлық бастамалар әрбір тұрғынның көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, елімізді көркейтуге қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Құрметті қарағандылықтар!

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жағдайы экономикамыздың қуатты болуына тікелей байланысты. 2013 жылғы 12 ай ішіндегі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық өсу қарқынының сақталғандығын айғақтайды.

Есептік кезеңдегі тұрғындар саны 484,4 мың адамды құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 мың адамға көбейгендігін көрсетеді.

Орташа айлық еңбек ақысы – 99 573 теңгені құрады, немесе 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 5,7%-ға артқандығы байқалады.

Қала бюджетінің өзіндік кірісі 2012 жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Түскен қаржы экономиканың барлық салаларының экономикалық жағынан өрлеу үрдісіне және әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталды.

 

Негізгі экономикалық көрсеткіштер және нәтижелер

2013 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындармен өндірілген жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі 282 млрд. 825,2 млн теңгені немесе 2012 жылдың көрсеткішіне қарағанда 111,6% құрады.

Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі 175 млрд. 444,9 млн теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 100,1% құрады.

Қаланың ірі, орта кәсіпорындары және ұйымдары жалпы сомасы 69 млрд. 572,1 млн теңге негізгі капитал инвестицияларые игерді, бұл 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 102,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 54,0 млрд теңгені немесе 2012 жыл деңгейімен (51 643 млн теңге) салыстырғанда 104,5% өсуін көрсетті.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құны 3 102,9 млн теңге болатын ауылшаруашылық өнімдерін шығарды, бұл көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 424,3 млн теңгеге көп.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру экономиканы жаңғыртудың басты бағыттаушысы болып қала бермек.

Жалпы, Индустрияландыру картасына маңыздылығы ескерілген 103 млрд. 29 млн теңге сомасына 2142 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 31 инвестициялық жоба енгізілді, жалпы сомасы 40 млрд 967 млн теңге 1387 жаңа жұмыс орны құрылған 24 жоба енгізілді.

2013 жылы жалпы сомасы 985 млн теңге, 142 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 4 инвестициялық жоба іске қосылды, оның ішінде Индустрияландыру картасының шегінде – 2 жоба. Бұл жобалар:

- сыртқы канализация үшін бұдырлы құбырлар өндіру бойынша – «Жакко Караганда» ЖШС.

- Болат арқандарды өндіру бойынша «Каз-Метиз» ЖШС.

“Prolux LED” ЖШС 5 деңгейдегі шамдарын және «КазПласт» ЖШС ірі көлемді полиэтиленді бұйымдарды өндіру бойынша жобалары іске қосылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту – кез-келген мемлекеттің қуатты экономикасының негізі.

2013 жылдың қорытындысы бойынша белсенді субъектілердің саны 3,4 мың бірлікке өсіп, 30140 бірлікті құрады, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 12,9% жоғары.

Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 111 мың 919 адамды құрады, 2012 жылы жұмыспен қамтылғандар саны - 105 мың 848 адам.

Өнім өндіру және жұмыс, қызмет көрсету көлемі жоғарылады және 383 млрд. 429 млн. теңгені құрады немесе өткен жылға қарағанда - 113%.

Қала бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі – 394 млрд. 228,6 млн. теңге және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,2 млрд. теңгеге немесе 14,3% өсті.

«Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының шегінде қаланың 182 кәсіпкеріне қаржылық қолдау көрсетілді, оның ішінде:

- Банктердің несиелеріне пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру бойынша - 156 жоба;

- Банктердің несиелеріне бөлшекті кепілдендіру бойынша - 4 жоба;

- «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Оптим кран Казахстан» ЖШС БК және «Кетмак Казахстан» ЖШС Солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы көлік жолдарын жөндеу және ЖСҚ құрастыруға бірлескен өтініш мақұлданды. 2010 жылдан бастап қажетті инфрақұрылымды жеткізуге барлығы 18 жоба мақұлданды.

- «Даму КДҚ» АҚ арқылы «Бизнес-кеңесші», «Назарбаев университеті» АҚ бизнес мектебінің базасында «ШОБ топ менеджментін оқыту», «іскерлік қарым-қатынастар» (245 адам) жобалары бойынша кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге арналған бағдарламаның бағыты бойынша азаматтарды оқыту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар 687 кәсіпкер немесе 2609 қызмет әрекет ететін бизнесті жүргізуге қызметтік қолдау жасалады.

Әлеуметтік жаңғырту

Тұрғындарды жұмыспен қамту

2013 жылы 10 447 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 883 тартылса, кәсіби оқытуға 718 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орнымен 130 адам қамтылса, 111 адам Жастар тәжірибесі аясында жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, өз кәсібін ашуға өтініш берген 43 адамға материалдық көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында есептік жыл ішінде бағдарламаға қатысқан 60 адам кәсіби қайта даярлықтан және кәсібін жетілдірілуден өткізіліп, олардың барлығының жұмыспен қамтылуына көмек көрсетілді.

Республикалық бюджет есебінен қаладағы 10 кәсіпорында 120 әлеуметтік жұмыс орыны құрылды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 495 түлегі әлеуметтік жұмыс орнына тартылды.

Инфрақұрылымдарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды іске асыруға орай 74 адам жұмысқа тартылса, сонымен қатар 321 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2013 жылғы қаңтар айында Октябрь ауданындағы 14 ықшамауданда орналасқан №45, 47 үйде тұрған 26 отбасына баспана берілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушыларына арналған Ермеков көшесі, 9 ықшамауданындағы тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, оған қатысқан 79 адам баспаналы болды. Сонымен қатар, әрбір отбасы басшысы жұмыспен қамтамасыз етілді.

 

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Өткен жылы қаламыздағы 70 947 азаматқа 1,6 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жасалып, қызмет көрсетілді. 2012 жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 13,4% көбейген.

Қаладағы барлық қажет ететіндер әлеуметтік қолдауға ие болды. Олар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Социалистік Еңбек ерлері, зейнеткерлер, мүгедек балалар, үйде оқитын балалар және т.б.

Бұдан басқа, қаладағы 2000 - нан астам мүгедек техникалық қосалқы құрылғылармен (сурдотехникалық, тифлотехникалық), арнаулы жүріп-тұру құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Оларға «Зеленый бор» шипажайына және «Березка» емдеу-сауықтыру орталығына баруы үшін жолдамалар берілді.

Білім беру

Қалада барлығы - 150 білім ұйымдары бар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер - 129, жеке меншік – 21.

Жыл сайын қазақ тілінде білім алатын оқушылар санының өсу қарқыны байқалады, егер 2006 жылы 1418 (25%) оқушы болса, 2013 жылы - 18279 (34,4%).

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 75 ұйымды құрайды: 62 мемлекеттік және 13 жеке меншік.

1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 15320 баланы (87,1%) құрады, 3-6 жас аралығында 14750 бала (98,1 %) қамтылды. 2012 жылмен салыстырғанда 100 балаға арналған жеке меншік «Алтын бесік» бала бақшасының ашылуы және 120 балаға арналған «Бахыт» бала бақшасында төрт топтың ашылуы есебінен мектепке дейінгі ұйымдармен қамту ұлғайды.

Мектептен тыс ұйымдар саны - 15, оларда 9720 бала қамтылған.

Қаңтарда Сұрыптау елді мекенінде 300 орынға арналған Жеткіншектер мен балалар сарайының филиалы ашылды, осы себептен қосымша білім беру 0,6% артты және 18,5 % құрады.

Мектеп жұмысы нәтижесінің негізгі көрсеткіштері - білім мен қорытынды аттестация сапасының көрсеткіштері болып табылады.

Бес жылғы білім мен үлгерім сапасының оң қарқыны байқалады. 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 0,6% өсті және 50,9% құрады.

2013 жылғы ҰБТ-ге 1667 түлектер қатысты (қазақ тілінде білім алатындар – 520, орыс тілінде білім алатындар - 1147) – бұл жалпы түлектер санының 81%.

Қарағанды қаласы мектептерінің орташа баллы 80,6 баллды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 баллға жоғары.

Қарағанды қаласының көрсеткіштері облыстың және республиканың көрсеткіштерінен жоғары: облыс бойынша орташа балл – 74, 69, республика бойынша - 74,5.

Жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін, гранттар жеңіп алатын түлектер саны жыл сайын артып отыр. Биылғы жылғы барлық гранттар – 693, оның ішінде Қазақстанда білім алуға – 522.

Жыл сайын педагогтар біліктілік арттыру курстарынан өтеді, 2013 жылы 186 мұғалім курстан өтті, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56% жоғары.

Қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынған балалар да назардан тыс қалмайды.

714 бала жәрдемақы алады, бұл қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынған балалардың жалпы санының (724 бала) 98,6 % құрайды, барлығы 154,5 млн теңге төленді.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың барлық балалары (2516) Жалпыоқу қоры есебінен тегін ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

«Салют» балалар сауықтыру орталығында бес жазғы сауықтыру маусымы өткізілді. 1368 бала демалыспен және сауықтырумен қамтылды, оның ішінде 1308 әлеуметтік қорғалмаған отбасылар балалары.

Қарағанды қаласы білім ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етуге және дамытуға 2013 жылы 12,5 млрд теңге сомасы бөлінді.

Мектептерге 44 пән кабинеті, ұлдарға арналған 13 шеберхана, қыздарға арналған 20 еңбек кабинеті, бес мектепке автомобилдер мен тренажёрлар, барлық мектептерге спорттық құрал-жабдықтар - шаңғылар мен доптар сатып алынып, 22 корт орналастырылды.

Барлық мектептер интерактивтік құралдармен жабдықталған (441 жинақ) және 43 (54,4%) білім ұйымдарында электрондық оқыту кезеңдеп енгізілуде.

2013 жылы ескірген компьютерлерді ауыстыру үшін 548 компьютер сатып алынды. Қала мектебінің компьютерлік паркі 9861 машинаны құрады, 1 компьютерге 5,4 оқушыдан келеді.

Техникалық лицейге спорттық зал салу жұмысы аяқталды, «Кең дала» ықшамауданына 1200 оқушыға арналған мектеп салу үшін жобалау сметалық құжат әзірленді.

Денсаулық сақтау

2013 жылдың қорытындылары бойынша қалада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің және тұрғындар денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпіні анықталған.

Сәбилер шетінеуінің төмендегені және есептік кезеңде 11391 нәрестенің туғаны тіркелген (2012 жыл - 11131).

Туберкулез сырқаты 2012 жылмен салыстырғанда 10,4% төмендеген, 100 мың тұрғынға шаққанда 72,0 құрайды (2012 жылы – 80,4). Қарағанды қаласында туберкулездің асқынған түріне шалдыққандар тіркелмеген.

Өткен жылы АИВ індеті бойынша 69 жағдай анықталған (2012 жылы – 77 жағдай), 8 жағдайға төмендеу тіркелген. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға 14,3 құрады (2012 жылы – 16,1).

Жалпы қайтыс болғандар деңгейі 8% төмендеген (2013 ж. қаңтар-қарашада 1000 тұрғынға шаққанда қайтыс болғандар саны – 10,58; 2012 жылғы сәйкес кезеңде – 11,50).

Оң көрсеткіштер «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылданушылардың үлесін арттыру және қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша кешенді шараларға байланысты.

 

Спорт және мәдениетті дамыту

5805 мәдени және 242 спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, 2012 жыл деңгейі бойынша 104,4% және 101,7% құрайды.

«Арман» боулинг орталығында және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ манежінде V шығармашылық және спорт фестивалі бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың жарыстары өткізілді.

Қоғамдық қауіпсіздік

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу және ашу, оның ішінде пәтер тонау, автокөліктерді тонау бойынша қылмыс түрлерін және басқа да мүліктік қылмыс бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында БАҚ өзара іс-қимыл жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта облыс орталығында 268 бейне бақылау камералары, оның ішінде 168 – тұрғын үйлердің аулаларында, 100 – жол қиылыстарында және қоғамдық орындарда орнатылған. Жалпы 37 камера білім беру мекемелерінің (мектептер, гимназиялар, ЖОО) аумақтарында орналасқан.

Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үйлердің құрылысын салу басым бағыттардың және жалпыұлттық сипаттағы айрықша маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша Шахтерлер даңғылы, 60 мекенжайы бойынша 392 пәтер берілді.

"Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша Бирюзов көшесі, 41 үй және Күзембаев көшесі, 82/2 үй мекенжайы бойынша 130 пәтер берілді.

Жетім балаларға 19 ықшамаудан, 53 үй мекенжайы бойынша пәтерлер берілді.

2013 жылы барлығы 152,5 мың ш.м. пайдалануға берілді, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша 68,4 мың ш.м. немесе қалада пайдалануға берілген тұрғын үйдің 45%.

Тұтынушыларға сапалы коммуналдық қызмет көрсету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қызметінің тұрақтылығы - жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылған міндеттердің бірі.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік мекемелерде және қаланың әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілерінде жылу, суық су және электр энергиясын есептеу құралдары орнатылған.

Жыл сайын көшені жарықтандыру шамдарын, энергия үнемдеу шамдарын орнату бойынша жұмыс жүргізіледі. Ұйымдарда энергиялық аудит жүргізілді, ірі магистральді желілерді қайта құру, жылу, су құбыры, канализация және электр желілерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жылумен жабдықтау бойынша ЖЭО-1 және ЖЭО-3 3 турбинасы мен 6 қазандығын жөндеу, №8 және №6 турбиналардың 1 кезеңінің құрылысы жүргізілді.

47,2 км магистральді жылу желілері, соның ішінде Луговая көшесі, бойынша М3 (2200 м), 19 ы/а. (840 м) және М8 жылу магистралі (6500 м) жөнделді.

Сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 58 км жөндеу жұмыстары жүргізілді. "2 аймақ" НС бастап Гүлдер ы/а. дейінгі №3 су құбырларын, Ленин көшесі және Сұрыптау поселкесінің кварталішілік су құбыры желілері жөнделді.

Электрмен жабдықтау желілерінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Мысалы, 2013 жылы Үлкен Михайловка, Заводской, Компанейск (ЖБИ ауданы) поселкелерінде ТШС, ЭТЖ жаңғырту және қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылына электр энергиясынан үнем - 164 мың кВт/сағ, жылу энергиясынан үнем - 2985 Гкал және жылу бойынша үнем 12,4 мың т.м болды.

Сонымен қатар 2011 жылдан бастап "ТКШ жаңғырту-2020" мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағдарлама аясында лифттерді монтаждау, шатырларды, инженерлік коммуникацияларды жөндеу және автоматтандырылған жылу пунктін орнату бойынша жұмыс жүргізілді.

Бағдарламаны іске асырудан бастап 55 көп қабатты тұрғын үй, соның ішінде 28 объектіде 46 лифт жөнделді. 2013 жылы 9 объект жөнделді:

- 3 объект бойынша жылу жаңғырту бөлшектерін (шатыр, қасбет және инженерлік коммуникациялар) жөндеу жұмыстары жүргізілді;

- 6 объект бойынша 11 лифт ауыстырылды.

Көрсетілген шаралардың аясында жылу маусымы тұрақты режимде өтуде және өткен жылмен салыстырғанда ақау-кемшіліктер 30% азайды.

 

Абаттандыру және көгалдандыру

Қаладағы аула аумақтарын абаттандыруға жыл сайын бюджет қаражаты бөлінеді.

2013 жылы 54 аула, соның ішінде: Қазыбек би атындағы ауданда - 33 аула, Октябрь ауданында - 21 аула абаттандырылды.

Қаланың 8 көшесінде жалпы сомасы 362 млн. теңгені құрайтын 792 жарықтандыру тірегі орнатылды, соның ішінде:

- Қазыбек би атындағы аудан - 4 көшеде 364 тірек;

- Октябрь ауданы - 4 көшеде 428 тірек.

Есептік кезеңде Чкалов-Ипподромная көшелерінің қиылысында, "Жаңа Майқұдық" МҮ сыртындағы Букетов көшесіндегі гүлзарларды абаттандыру бойынша жұмыстар өткізілді, асфальт бетон жабыны, жиектас орнату, көгалдар мен гүлзарлар, гранит субұрқақ, жарықтандыру тіректері, орындықтар мен урналар орналастыру жұмыстары жүргізілді.

БЛКЖО 30 жылдығы атындағы Орталық саябақтағы жағалау аймағын абаттандыру және субұрқақ орнату жұмыстары жүргізілді.

Жол инфрақұрылымын дамыту

2013 жыл - Жолдар жылы деп жарияланған.

Жолдарды күтіп ұстау бойынша ұзындығы 354 км, көлемі 4 млн. 112,9 мың ш.м. болатын 184 жол қамтылған.

57 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, жол жабынының 92 мың ш.м. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Ғазалиев көшесі-Ержанов көшесі" бойынша ұзындығы 800 м автожолдың құрылысы аяқталды.

8 учаскеде ұзындығы 1821 м құбырларды төсеу және жуу, бейнебақылау жұмыстары жүргізілді.

Санитарлық жағдай

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жыл сайын қалада көктемгі және күзгі айларда қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыруға арналған айлықтар өткізіледі.

Жалпы алғанда қала бойынша 17 830 ұжым, 234 747 адам, 746 техника қатысты, көлемі 8950 м3 рұқсат етілмеген 169 қоқыс үйіндісі жойылды, 4665 түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Күзгі айлықта 5 сенбілік - 1 аудандық, 2 қалалық және 3 облыстық, сонымен қатар 6 "Таза бейсенбі" санитарлық күні өткізілді, онда 16 000 ұжым, 200 010 адам, 424 техника қатысты, рұқсат етілмеген 65 қоқыс үйіндісі жойылды, 19 000 бұта мен 36 660 ағаш көшеттері отырғызылды. Көлемі 25,2 мың м3 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды.

Құрметті жерлестер!

Қол жеткізген нәтижелерді және көрсеткіштердің нақты орындалуын ескере отырып, Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының аясында одан арғы іс-әрекетіміздің жоспарын анықтадық.

Бұл – алдағы жұмысымыздың 7 негізгі бағыты.

Бірінші - инновациялық индустрияландыру трендін күшейту.

Өнеркәсіптік әлеуетті нығайту үшін жұмыс істейтін кәсіпорындарға қолдау көрсету және жаңа инновациялық өндірістерді құруға көмек көрсету қажет.

2014 жылы Индустрияландыру картасының аясында жалпы сомасы 797 млн. теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарланған, онда 374 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.

Бүгінгі таңда 10 жоба қарастырылып қабылданды, 2 жоба Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді.

Қазақстандық қамту үлесін дамыту аясында жұмыс істейтін кәсіпорындар жүктемесін және тауарлар бойынша қазақстандық қамту үлесін қамтамасыз етуді 62% жеткізу, ал жұмыстар мен қызметтер бойынша 96 % жеткізу қарастырылған.

Солтүстік өнеркәсіптік аймақты игерумен жаңа өсу деңгейлерін анықтау және кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау құралдарын барынша пайдалану.

Екінші – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін арттырумен мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылығын қарқынды дамытуды қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылық өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге көшумен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жоспарланған. Сонымен бірге, ағымдағы жылы азық-түлік тауарларының ішкі нарығын отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін 102,1% жеткізу қажет.

Алға қойған міндеттердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаны ұстау және инфляцияны 3-4% деңгейлеп төмендету болып табылады.

Бұл - жергілікті тұрақты қор құру, азық-түлікті әлеуметтік павильондар, коммуналдық базарлар арқылы және ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу кезінде белгіленген бағамен сату.

Әлеуметтік павильондарда сатылатын тауарлар сұрыптамасы артты, сүт және ет өнімдері пайда болды. Қазіргі уақытта бес ірі әлеуметтік павильондарда (Юбилейный, 45 квартал, Школьник, ГринМарт, Одежда) «Шалқар» ш/қ мұздатылған жас еті сатылуда, сонымен қатар қалған алты әлеуметтік павильондарда мұздатылған сиыр еті сатылады.

Екі ірі азық-түлік базарларында (Арай, Шығыс) әлеуметтік бөлімдер ашылды, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы орташа нарықтық бағадан 20% төмен.

Бүгінгі таңда қалада бакалея өнімдері бойынша 1213 тонна және жеміс-көкөніс өнімдері бойынша 2215 тонна қор жинақталған.

Сонымен қатар, облыстың тұрақты қорынан 216 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін (картоп – 103 тонна, сәбіз – 55 тонна, орамжапырақ – 57 тонна, пияз – 0,9 тонна) алуға өтінім жолданды.

Апта сайын жәрмеңке өткізу бойынша жұмыстар жалғасуда және ағымдағы жылдың наурыз айының аяғына дейін жәрмеңке өткізу кестесі бекітілді.

Осы шаралардың барлығы бірінші қажеттілік тауарларының бағасы өскен кезде уақытында ықпал етуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден – ғылыми қамтымды экономиканы дамыту үшін жағдай жасау

Қалада, Индустрияландыру картасының «Трей Караганда» ЖШС - өндірістік процесті басқарудың заманауи жүйесін ұйымдастыру жобасы іске асырылуда.

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне кәсіпорындарымыздың дайындалуы және қатысуы осы бағыттағы іс-әрекеттің дамуына ықпал етеді. Бұл бағытта қала кәсіпкерлері технопарк және кәсіпкерлердің өңірлік палатасымен бірге ғылыми қамтымды жаңа жобаларды енгізу және жүзеге асыру бойынша қызмет атқаруда.

Төртінші – инфрақұрылымның қарқынды дамуы

Қарағанды қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша көп жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Бұқар жырау және С.Сейфулин даңғылдары, Гоголь көшесі бойынша магистральді жолдармен шектесетін жалпы ауданы 296 мың ш.м. квартал ішілік жолдар жөнделеді. 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қоса, «ДСК» өтпе жолын жөндеу жоспарлануда және нөсерлік канализация жүйесін жөндеу бойынша жұмыстар жалғасады.

Осы шаралардың барлығы 2015 жылға қарай автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 83% жеткізуге мүмкіндік береді.

Ал 2020 жылға қарай асфальт жабынын жолдарға толық төсеу жоспарлануда.

Сонымен қатар қалада құрылыс салудың Бас жоспарына сәйкес автокөлік өткізу мүмкіндігін жоғарлату үшін ірі көше қиылыстарында үш және екі деңгейлі жол тораптарын орнату көзделеді.

Ғазалиев-Ключевая көшесі бойынша жол өтпесі, Республика даңғылы бойынша және 45 кварталдағы жол тораптары.

Бесінші – шағын және орта бизнесті дамыту

Қазіргі таңда қала бойынша 30 мыңнан артық ШОБ кәсіпорындары тіркелген және онда 110 мыңнан астам қала тұрғындары жұмыспен қамтылған.

Жалпы алғанда қала экономикасындағы ШОБ үлес салмағы - 35% шамасында.

Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау механизмінің іске асырылуын ескере отырып, осы жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік үлесін кезеңмен берілген жоспарға дейін жеткізу қажет.

Сонымен қатар 2014 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санының өсуі 102,5% құрайды.

Алтыншы - қазақстандықтардың әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау

Жұмысқа орналастыру мәселесі тұрақты бақылауға алынып, ағымдағы жылы тұрақты жұмыс орындарына 5000 астам жұмыссыздарды орналастыру жоспарланған.

Қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және кәсіптік дайындауға 840 адам жіберіледі.

Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған бюджеттік қаражат көлемі 2 млрд. астам теңгені құрайды.

Бөлінген қаражаттар шегінде тұрғын үй көмегіне (3000 отбасына) мемлекеттік әлеуметтік көмек және жәрдемақылар (3501 алушы) тағайындалатын болады.

Мүгедектерді бейімдеу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражат 578 млн. теңгені құрайды, 3500 мүгедекті қамтиды.

Ағымдағы жылдан бастап төлемдердің жаңа түрлері енгізіліп, халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарының ішінде 34 мың адамды қосымша қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл - Балаларды қорғау күніне, Мүгедектер күніне, 1,2 және 3 топ мүгедектеріне, Қарттар күніне және қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтарға берілетін біржолғы төлемдер.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Мәңгі алау» мемориалын абаттандыру жоспарланған.

2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен 100% қамтамасыз ету жоспарланған.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерден орын алу кезегінде 0 жастан 6 жасқа дейін 19 497 бала тіркелген, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 4975, олар «Балапан» бағдарламасына сәйкес мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтылуы қажет.

Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен 100% қамту мәселесін шешу мақсатында мектеп жасына дейінгі ұйымдарды кеңейту мүмкіндіктері қарастырылуда.

Бұдан басқа білім саласындағы міндеттер балаларды ерте жастан дамыту жүйелерін, білім беру жүйелерін жетілдіру, педагогикалық кадрларды кәсіби дайындау болып табылады.

2014 жылы пәндік кабинеттер, жиhаздар, спорттық жабдықтар алуға, бейнебақылау және корттар жүйесін орнату шығындарын кезеңмен қаржыландыру сақталған.

Бұл ретте білім объектілерін жөндеуге, «Салют» жазғы лагерінің аумақтарын абаттандыру мен бассейнді жөндеуге қаражат қарастырылған.

Қаланың 80 жылдығын мерекелеу

Мәдениет, спорт және ішкі саясат саласындағы барлық шаралар үкіметтік емес ұйымдардың, жастардың және қала халқының қатысуымен қаланың 80 жылдығын мерекелеуге арналған.

Осыған байланысты, жекелеген бағыттар бойынша шығындар орта есеппен алғанда 30% көтерілді.

Сонымен қатар, мәдениет және спорт ұйымдарын жабдықтау қарастырылған, ағымдағы жылы ұлттық киіз үй және LED-экран сатып алу, «Шахтер» стадионындағы жүгіру жолын және спорт алаңдарын жөндеу жоспарлануда.

Майқұдықта 500,5 млн. теңгеге бассейнімен дене тәрбиесі сауықтыру кешенінің құрылысы ескерілген. Аталған объектіні Кеншілер күні қарсаңында ашу жоспарланған.

Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойын сапалы және кешенді ұйымдастыру мен өткізу мақсатында мерейтойлық күнді мерекелеуге арналған қалалық шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. Аталған жоспар 5 бөлімнен тұрады, атап айтқанда, ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-идеологиялық шаралар, мәдени-бұқаралық және ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар, Қарағанды қаласының 80 жылдығына орай 80 игі іс, қайырымдылық шаралары.

Ақпан айынан бастап Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған Қарағанды қаласы әкімдігінің жаңа сайты іске қосылады.

Әр ай мерейтойлық жылға сәйкес белгілі бір тақырыптық бағытқа арналған.

Қалалық бюджетте тұрғындарды қайырымдылық шараларымен толық қамту үшін қаражат қарастырылған. Оның ішінде, 250 ҰОС ардагерлеріне 80 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, 10 185 адамға Қарттар күніне орай 5000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, қаланың 80 жылдығына орай қала құрдастарын, мерейтой иелерін үйлеріне барып құттықтау және басқа да мемлекеттік мерекелерге орай қайырымдылық шаралары.

Жоспарға сәйкес, кешенді құрылыс және абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Атап айтсақ, қаланың 80 жылдығына қылқан жапырақты алаптан ландшафт дизайнын құру, Қарағанды қаласының 80 ауласын абаттандыру, 10 000 ағаш отырғызу, 20 жасанды жабыны бар көп функциялы корт орнату, 80 жылдық аллеясын ашу, энергия үнемдейтін шамдары бар бағаналарды орнату және қайта қалпына келтіру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу гүлзарын абаттандыру, шағын сәулет нысандарын орнату және т.б.

Азаматтардың өтініштері.

Жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың жұмысы қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мен мәселелерін шешуге бағытталған.

2013 жылы жазбаша түрде келіп түскен ұсыныстар, сыни ескертулер және жеке қабылдау барысындағы өтініштер саны - 7009.

Өтініштердің сипаты: жерге орналастыру және сәулет мәселелері – 65%, тұрғын үй мәселелері – 31%, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 3,7% және еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері – 1,6%.

Сәулет және жерге орналастыру мәселелері

Осы саладағы негізгі мәселе жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру болып табылады.

ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға арнайы кезекте 9257 азамат өтініш берген.

Бүгінгі күні қала бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес ЖТҚ арналған 3354 жер учаскесі бар.

Алайда инженерлік желілердің жоқтығына байланысты осы жер учаскелерін беру мүмкін емес.

Өткен жылы Солтүстік-Шығыс жоспарлау ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалды. Ағымдағы жылы Октябрь ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасау жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешу үшін «Күнгей» және «Шапағат» ықшамаудандарының инженерлік желілер құрылысын салуға, «Шахтерский» ықшамауданының жылу желілерін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасалады.

Қала бойынша жылумен қамтамасыз ету және энергия тапшылығын азайту мақсатында 50 млн. теңгеге ЖЭО-3 тен Оңтүстік-Шығысқа дейін 3-ші жылу желісінің ЖСҚ жасау ұсынылған.

Тұрғын үй мәселелері

Жалдау шарты бойынша тұрғын үйді жекешелендіруге 800 азамат өтініш білдірген. Өткен жылы 299 жекешелендіру шарты берілген және қазіргі уақытта беруге 140 жекешелендіру шарты дайындалған.

Жыл сайын мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға мұқтаждар саны көбеюде.

2013 жылғы 1 қаңтарда кезекте тұрған азаматтар саны - 8 099, соның ішінде 193 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні жалпы кезекте тұрған азаматтар саны - 10 476, соның ішінде 8 – ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, 5085 – халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалғандар, 2054 – жетім балалар, 2594 – мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері және 727 – әскери қызметкерлер.

Осы жылы жас отбасыларға Белинский көшесі, 1, 2 (216 пәтер) бойынша екі 9 қабатты тұрғын үй беріледі, несиеге Шахтерлер даңғылы, 37 (217 пәтер) бойынша тұрғын үйлер және жинақтау жүйесі бойынша «Шапағат» ықшамауданы, 2 кезек мекенжайындағы (140 пәтер) тұрғын үй және кезектегілер үшін (40 пәтер) дайын тұрғын үйлер сатып алу жоспарланған.

«Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұқтаж азаматтарды толық қамту мақсатында тұрғын үй құрылысына арналған Панель-Центр ықшамауданы, Солтүстік-Шығыс жоспарлау ауданы, Майқұдық жоспарлау ауданының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы, Шығыс тұрғын ауданы перспективалық алаңдары анықталды.

Кезектегілер үшін – Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданда, Солтүстік-Шығыс тұрғын ауданда және «Шапағат» ышамауданында (3-кезек) тұрғын үйлер құрылысы салынады.

Жас отбасылар үшін – Шығыс тұрғын ауданында тұрғын үйлер құрылысы салынады.

Тұрғын үй жинақтау жүйесі бойынша Панель-центр ықшамауданы, № 1 үй (327 пәтер), № 2 (327 пәтер) және № 3 үй (134 пәтер) мекенжайындағы үйлер құрылысы жалғасуда. Объектілерді пайдалануға енгізу мерзімі – 2015 жыл.

«КИК» АҚ бағдарламасы аясында 2013 жылдан бастап Восток-2 ықшамауданы және Чапаев көшесі (180 пәтер) мекенжайлары бойынша үш 5 қабатты (325 пәтер) және екі 9 қабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде, жобалық-сметалық құжаттамаларды түзету бойынша жұмыстар жасалуда.

«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағдарламасы аясында Шахтерлер даңғылы («Жанұя» ТК) бойынша 9 қабатты тұрғын үй (6 б/с, 216 пәтер) құрылысы жоспарлануда.

Көрсетілген объектілерді тапсыру мерзімі – 2015 жыл.

«Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының барлық бағыттары қаламыздың тұрғындарының басым бөлігін қамтиды.

Құрметті қарағандылықтар!

«Қазақстан-2050» бағдарламасы» тәуелсіз Казақстан тарихының жаңа кезеңін ашады.

Біз бүгін еліміздің болашағына, ұрпағымыздың игілігіне қызмет етеміз. Біз экономиканы дамыту және сақтау бойынша Елбасымыздың тапсырмаларын орындауда барлық күш-жігерімізді жұмсап, халықтың әл-ауқатының жоғарылауына ықпал етуіміз қажет.

2014 жыл - қаламыздың қоғамдық-саяси, мәдени өміріндегі көптеген оқиғаларға толы жыл, алдағы уақытта негізгі мақсатымыз қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасынан тікелей көрініс табатын нақты нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина