Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2018 жылы атқарылған жұмыстар және 2019 жылға қойылған міндеттер туралы Қарағанды қаласының әкімі Н.Е. Әубәкіровтің халық алдындағы есебі

«Басты басымдылық – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру»

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша қалада атқарылған жұмыстар тұтастай алғанда экономиканың негізгі салаларын дамытудың тұрақты қарқынын сақтауға мүмкіндік берді.
Төртінші өнеркәсіптік революция біздің аймақтың әлеуметтік – экономикалық прогресс жолында біздің өңірдің одан әрі алға жылжуына қуатты ынталандыру болды.
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ағымдағы жолдауында жаңа міндеттер алға қойылып отыр.
Президент ұсынған барлық бастамалар әр тұрғынның үміт-тілектеріне сәйкес келеді, біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Ол үшін қалада жеткілікті күш-қуат бар, әрі ол туралы өткен жылдың қорытындылары айғақтайды.
Біздің қала облыстың өнеркәсіпктік және индустриалды-инновациялцық орталығы болған әрі болып қала береді, ол көптеген көрсеткіштері бойынша жетекші рөл атқарады.
Өнеркәсіп өндірісінің деңгейі 2017 жылға қарағанда 2% өсімді құрайды, негізгі капиталға инвестициялар - 10%, құрылыс жұмыстарына - 24%, тұрғын үйді пайдалануға беру 5,3%-ға, бизнес субъектілерінің саны 5,2%-ға, экономиканың осы саласында жұмыспен қамтылғандардың саны - 1,2% - ға өсті.
Қала бюджетінің жеке кірісі 2017 жылмен салыстырғанда 14%-ға артты, бұл бірінші кезекте әлеуметтік саланы жаңғыртуға және қаланың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталды.
Қаланы дамытудың келесі кезеңі жалпы ауданы 1200 гектардан астам Жаңа орталық құрылысын салу, оның құрылысы Оңтүстік-Шығысты Майқұдықпен біріктіруге мүмкіндік береді. Бірінші кезең болып ауданы 150 гектар ықшамауданды жүзеге асыру болып белгіленді.
Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі әдеуметтік-экономикалық дамудың базалық көрсеткіштерін одан әрі өсіру, жаңа жұмыс орындарын құру және қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Өнеркәсіп
Бұл бағытта, Елбасымен өнеркәсіпте «цифрлік дәуірді» енгізу, өңделген тауарлар экспортын арттыру, экономиканың өсімін қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша  тапсырмалар қойылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану нәтижесінде өнеркәсіптің негізгі секторларында оң қарқыны байқалуда, онда 370 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды.
Көрсеткіштердің оң қарқыны ірі және орта кәсіпорындардың өндіріс көлемі өсімінің есебінен қамтамасыз етілді, оларға: «Евразиан Фудс» АҚ – 105,1%,  «Эфес Қазақстан» ШК АҚ – 114,2%, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС - 102,6%, «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС - 103,3%, «КазБелАз» ЖШС-136,6%, «Мaker» ЖШС, «КазМетиз» ЖШС - 115,4%, «Имсталькон» КЗМК ЖШС - 106,6% және т.б.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 125 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың деңгейіне өсім 18%. Салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 68% шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке қаражаттары болып табылады. Инвестициялардың ең көп үлесі өнеркәсіпке салынған немесе жалпы көлемдегі үлесі 37,3%.
Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру басталғаннан бері қалада 95,2 млрд. теңге инвестиция салумен 29 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Өткен жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Мaker» ЖШС машина жасау өндірісін жаңғырту бойынша жобасы іске қосылды және 8 419 тонна өнім өндірілді.
Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 176 жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгеге 3 ірі инвестициялық жоба іске қосылды, олар:
- «Қарағанды-НАН корпорациясы» ЖШС – макарон өнімдерін өндіру бойынша екінші желі іске қосылды және 2018 жылы 6 мың тоннадан артык макарон өнімдері өндірілді;
- «Forever Flourishing» (Middle Asia) Pty» ЖШС – болат дайындамаларды өндіру бойынша, есеп беру кезеңінде 5,1 мың тонна өнім шығарылды;
Оған қоса, «Фармация 2010» ЖШС өндірісті жаңғырту мен GMP стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар аяқталды.
2019 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 500 жаңа жұмыс орнын құрумен, сомасы 32 млрд. теңге 2 жобаны іске қосу жоспарлануда, олар:
- «YDD Corporation» ЖШС – «Қарағанды қаласында ферросилиции өндірісі бойынша зауыт құрылысы», жоба құны: 30,6 млрд. теңге.
- «Қарағанды целлюлозо-қағаз комбинаты» - макулатураны қайта өңдеу бойынша өндірісті және целлюлоза өндірісін ұйымдастыру, сомасы 1,6 млрд. теңге.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс «КазМетиз» ЖШС-де құны 1 млрд. теңгеден артық арматуралық арқандарды өндіру бойынша жаңа желі іске қосылады.
Нақты экономика секторының негізгі индикаторларының осындай өсім қарқыны ағымдағы жылы да сақталатын болады. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемін 2018 жылға қарағанда 9% өсіммен, 403,2 млрд. теңгеге дейін  жеткізу жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жоспарлы көлемі 130 млрд. теңге, өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 107%.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Экономиканы әртараптандыру және қайта бағдарлау – бұл бізге қазіргі нарықтық шарттардың негізгі талабы.
Онда шағын және орта бизнес белсенді қатысуда.
Аталмыш салада 40,5 мыңнан артық субъект жұмыс істейді, онда 125 мыңнан артық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
ШОБ субъектілерімен шығарылған өнімдерінің және көрсетілген қызметтерінің көлемі 524 млрд. теңгені немесе 2017 жылға 104,3% құрады.
Қарағанды қаласы бойынша бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 698 млрд.теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 115,6% құрады.
Оған қоса, кәсіпкерліктің дамуының көрсетілген деңгейіне мемлекеттік қолдау құралдары оң себебін тигізді.
Жалпы бағдарламаның жүзеге асырылу уақытынан бастап қаладан жалпы сомасы 103 млрд. теңге болатын 638 жобаға қолдау көрсетілді, оларда 7 мыңнан артық жұмыс орны құрылды.
Оның ішінде, 2018 жылы осы бағдарлама аясында 260 жұмыс орнын құрумен 6,3 млрд. теңгеге 62 жоба мақұлданды.
Оған қоса, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жеке ісін (бизнесін) ашу үшін несие қаражаттарын қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 18 млн. теңгеге дейін жылына 6% жеңілдікпен шағын несиелер беру басталды.
Есепті кезеңде Қарағанды қаласынан барлығы екінші деңгейлі банктермен 72 кәсіпкерге жалпы сомасы 897 млн. теңге көлемінде шағын несиелер берілді.
Кәсіпкерлік саласындағы қолайлы климаттың нәтижесі сауда және қызмет көрсету саласында жаңа объектілердің пайда болуымен сипатталды.
Қалада шамамен 6,3 млрд. теңге инвестиция салынып, 613 жаңа жұмыс орнын құрумен 73 ШОБ объектісі ашылды.
Оның ішінде, «Думан», «Фараби» мейрамханалары, «А-строй» құрылыс дүкені, «Astika» қонақ үйі, 2 бизнес-орталық және т.б.
Ағымдағы жылы сауда және қызмет көрсету саласында сомасы 15,5 млрд. теңгеге, 1182 жаңа жұмыс орнын құрумен кемінде 32 жаңа объектінің ашылуы жоспарлануда. Олар - Көтерме-тарату логистикалық орталығын іске қосу, «Казмарт» СОО, «Оптика үйі» офтальмологиялық орталығы, ЖК Умбетов Е. М. - Қонақ үй-сауықтыру кешені, «Kerama marazzi» СҮ, «MC-Клиник» ЖШС ерлер денсаулығының клиникасы, «Еуропа» мейрамханасы және т. б.
Шағын және орта бизнестің қала экономикасына белсенді түрде қатысуы негізгі көрсеткіштердің оң қарқынынан көрініс тапты.
Қазіргі таңда қала экономикасындағы ШОБ үлесі – 50,5% артық, ал салық түсімдерінде - 48% артық.
Алдағы бес жылдықта бұл көрсеткішті максималды деңгейге жеткізу жоспарлануда.
Халықты жұмыспен қамту. Еңбек нарығы.
Экономикалық саясат пен экономикалық тиімділіктің өзекті мәселелерінің бірі жұмыспен қамту болып табылады.
Мемлекет басшысы әр адам өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасауға, еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етуге міндет қойды.
Қалада жүйелі негізде тұрғындардың табысы мен өмір сүру сапасының тұрақты өсуіне бағытталған халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл бағытта қаламызда  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Аталмыш бағдарлама еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
Есепті кезең ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 16 мыңнан астам адам орналастырылды. Бұл өтініш білдіргендердің жалпы санының 87%-ын құрайды.
597 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 191 адам әлеуметтік жұмыстарға жіберілді, 388  түлек жастар тәжірибесінен өтті.
Халықтың нысаналы топтарының құрамына кіретін адамдарды жұмыспен қамту ерекше назарға алынған. Бағдарлама аясында жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету шараларымен шамамен 4,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 50%-ды, ал әйелдердің үлесі 60%-ды  құрайды.
2018 жылы қала кәсіпорындары мен ұйымдарында 4539 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 2356 жаңа жұмыс орны құрылды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың қаңтар айында «Шығыс», «Алтын арба», «Арай», «Горняк» базарларында «Жұмысқа орналастыру пункттері» ашылды, олардың мақсаты - жұмыссыз және өз бетімен жұмыспен қамтылған жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. 
Халықты әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.
Жыл басынан бері барлығы 71115 азаматқа 2,4 млрд. теңге сомасына төлем жүргізілді және әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетілді.
448 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар атанды, 2264 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді, 1995 адам 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек алды.
Аса мұқтаж адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Оңалту бағдарламасына сәйкес үйде оқыту, жеке көмекшінің, ым-ишара тілінің маманы қызметінің шығындары өтелді.
Осы мақсаттарға 1184,4 млн. теңге бюджеттік қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар 2018 жылы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға,  Ауғаныстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқандарға және Чернобыль АЭС-ғы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, 75 және одан жоғары жастағы адамдарға төлем жүргізу жалғастырылды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – біздің тарихымыздағы ең маңызды күндердің бірі.
Жеңіс мерекесін тойлау аясында 4993 ардагерге бір реттік материалдық көмек көрсетілді, 70 соғысқа қатысушыларға және мүгедектеріне тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындар өтелді.
Сондай-ақ 31 мың 300 азаматқа қалаішілік қоғамдық көліктерде жүріп-тұруға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі және психоневрологиялық аурумен ауыратын балалар мен адамдар үшін қалада 24 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, онда 2 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған Орталық жұмыс істейді. Есепті кезеңде Орталыққа 262 адам өтініш білдірді, 181 адам тұрмысы түзетілді, 44 адамның құжаттары қалпына келтірілді, 25 адамға зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеуге көмек көрсетілді.
Мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру жоспарлы түрде іске асырылуда.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру» 84 қадамына сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған азаматтарды қолдаудың, яғни жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған түрі жұмыс істей бастады. 
Жаңа форматтағы АӘК аз қамтылған отбасылар үшін бұрын қолданыста болған үш әлеуметтік төлемдерді біріктірген Бірыңғай жәрдемақы болып табылады: атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы, көп балалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
2018 жылы осы мақсаттарға 101 млн. теңге бөлінді және 1925 адамды қамти отырып 448 отбасына АӘК тағайындалды.
Жалпы алғанда, ағымдағы жылы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік қолдау шаралары сақталып қалды және осы мақсаттарға арналған бюджет көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады.
Білім беру
Білім беру адам қызметінің және бүкіл қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі - сапалы қызмет көрсету.
Бүгінгі күні мекемелер мен білім беру ұйымдарының желісі 184 ұйыммен ұсынылған, олардың ішінде 52 – жеке меншік.
2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспеушілігін жоюдың жүйелік проблемасын шешу аяқталды. Мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайту, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс есебінен жаңа орындарды жоспарлау, ашу және тұрақты қаржыландыру - бұл барлық бизнесті жандандыру және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту бойынша «жұмыс істеді». 2017 жылы - 19, 2018 жылы - 9 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды.
Екі жылда төрт мың жаңа орын теріс қарқынға тоқтау салып, бүгінгі таңда шамамен 1,5 мың бос орын бар, бұл бізге 2,5 жастағы балаларға орын ұсынуға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және тіркеуді автоматтандыру жүйесі енгізілді - ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды, орын алады, қажет болған жағдайда олар қайта кезекке тұрып, басқа балабақшадан орын ала алады.
Осылайша, біз Мемлекет басшысының 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту туралы нұсқауларын орындадық.
Қаланың мектептеріне келетін болсақ.
Үшінші жыл мектеп білім беру мазмұнын жаңарту жалғастырылуда - сыныптың жеті параллельі (он бірден) жаңа бағдарламалармен айналысады.
Көптеген жылдар бойы жаңартылған оқулықтарды сатып алуға көп қаражат жұмсалды - шамамен екі миллиард теңге, ал барлық сыныптарға арналған оқулықтар толығымен қанағаттандырылды.
Оқуда заман талаптарын қанағаттандыру үшін, жаңару процесін басқарудың барлық сатыларын, басқару мен оқытуды автоматтандырудан бастап, цифрландыру міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Қала мектептері оқу процесінде цифрлық технологиялар мен білім беру ресурстарын белсенді пайдалану үшін жақсы жабдықталған.
Компьютерлік паркте 10 мыңнан астам машина бар, 2018 жылы жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын сынып кабинеттерін жабдықтауға 1059 компьютер мен проектор-компьютердің 430 жиынтығы сатып алынды.
Оқушылардың санын 1 компьютерге азайту бойынша көрсеткіш 3,4 % жақсартылды.
Мектептерде жаңа модификациялы интерактивті 267 химия, физика және биология кабинеттері жабдықталған, ұлдар мен қыздарға арналған 72 жаңа технология кабинеті, 33 робототехникалық зертхана, олардың ішінде 10 өткен жылы сатып алынған. Қала мектептері бойынша жабдықталу көрсеткіші 84%, өсім 9%.
Электронды журналдар қаланың барлық мектептерінде қолданысқа енгізілген, 1 маусымнан бастап бірінші сынып оқушылары автоматтандырылған жүйе арқылы мектепке қабылданады.
Сондай-ақ ағымдағы жылы алғаш рет МЖС шеңберінде жеке меншік мектептерде оқуға мемлекеттік тапсырыс жариялау жоспараланып отыр.
Инклюзивті білім беруді енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта 28 мектепте 250 астам баланы қамтыған 161 сынып ашылды. Сондай-ақ ағымдағы жылдан бастап инклюзивті оқыту және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік сатып алу тетігі енгізілетін болады.
Мектептерді жабдықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру нәтижесі оқыту сапасы көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы болды. 2018 жыл қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 2017 жылдың 0,5% көрсеткішіне 54,3 % өсімды құрады.
Мектептегі білім берудің қонымды қорытындысы ойланып таңдалған кәсіп болуы қажет. Осы саладағы жүйелі жұмыс арқасында балаларды колледждерге қабылдауда жағымды үрдіс пайда болды: соңғы жылдары тоғызыншы сыныпты бітірушілердің 48-50% колледждерде оқуын жалғастыруға ниет білдірді. 11 сыныптың 83% (1843) жоғары оқу орындарына қабылданып, олардың жартысы грантқа ие болды.
Қалада барлық мемлекеттік мектептерде, балабақшаларда және мектептен тыс мекемелерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып, бейне камералар орнатылды. Бейнедерек көздерінің бейне ағындары Қарағанды қаласының ІІД ОББ жіберіледі.
Осылайша, биылғы жылы барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы 100% орындалды.
Сонымен қатар, жағдай жасау мақсатында білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2018 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 25 білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 29 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен бірге, Бауыржан Момышұлы атындағы жаңа ауданда 1200 орындық мектебінің құрылысы аяқталды, бұл шағын ауданның барлық балаларын жаңа оқу жылынан бастап оқумен қамтуға мүмкіндік береді.
30-ықшамауданда осындай 1200 орынға арналған мектеп салынып жатыр, Майқұдықтың 11а-ықшамауданында 600 орындық мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Жаңа орталықта Оқушылар сарайының құрылысы басталады.
Қазіргі күні қалада қосымша білім берудің он мемлекеттік мекемесінен тек біреуі ғана типтік ғимаратта орналасқан – ол Балалар мен жасөспірімдер сарайы.
Сондықтан Оқушылар сарайының жобасын әзірлеу кезінде оқушылардың қазіргі заманғы барлық қажеттіліктері ескерілген.
Ғимарат үш қабатты, астыңғы қабатында тұрмыстық үй-жайлар, ритмика залы, жұлдыздық зал орналастырылады.
Барлығы техникалық сияқты, әрі көркем және спорттық бағыттағы 47 үйірме ашу жоспарланып отыр. Сарайдың сыйымдылық қабілеті – 3744 адам.
Бұнда кабинеттер, залдар және астрономия, нанотехнология, модельдеу, роботехника, дизайн және қолданбалы өнер лабораториялары болады. Концерттер және әртүрлі ісшаралар өткізу үшін 380 орынға арналған көрермендер залы бар. Аумағы футбол алаңымен және екі баскетбол алаңдарымен жабдықталатын болады.
Денсаулық сақтау
Кез-келген адам үшін басты құндылық - денсаулық.
Медициналық қызмет көрсету сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды бөлігі болып табылатынын және бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру қажеттігін ел Президенті айқындаған.
Ол біздің емханаларда КМАЖ (кешенді медициналық ақпараттық жүйе) бағдарламасы ензілілген.
«Цифрлы Қазақстан» аясында қала тұрғындарына ДамуМед мобильдік қосымшасын қосу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қалада халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің оңтайлы динамикасы байқалған. Туберкулез сырқаты және өлімі, аналар өлімі, балалар өлімінің өсуіне жол бермеу төмендеді.
Ауруды ерте анықтау мақсатында медициналық скринингтік тексерістер жүргізіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және аурудың алдын алу туралы халықты ақпараттандыруды арттыруға бағытталған ісшаралар жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласын тұрақты қаржыландыру, қалада медициналық университеттің және медициналық колледжінің орналасуы медициналық кадрлардың артуына ықпал етеді.
Дәрігерлердің саны 4,5% өсті. Орта медициналық қызметкерлердің саны 5,5% артты.
Медициналық кластерде медициналық мекемелердің желісі кеңеюде, олардың қолжетімділігі және заманауи жабдықталуы қамтамасыз етілуде.
2018 жылы Аллергология орталығы, №8 емхана және «Мирас» клиникасы ашылды.
2019 жылы жаңа Отбасы денсаулығы орталығын ашу және МЖӘ аясында тағы 3 Отбасы денсаулығы орталығының құрылысын салу жоспарланған.
Келешекте Майқұдық және Сұрыптау станциясында МЖӘ аясында 2 жедел көмек көрсету қосалқы станцияларын, Кардиологиялық-оңалту орталығын ашу жоспарланған.
Жеке меншік секторының үлесін арттыру есебінен бәсекелестік орта кеңейтіліп және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі артатын болады.
Бұл ретте, Мемлекет басшысымен халықтың, мемлекет пен жұмыс берушінің ынтымақтастық жауапкершілігімен негізделген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) кезеңмен өту жөніндегі міндеттер қойылды.
Осы барлық шаралар денсаулық сақтау жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді. 
Спорттың дамуы
Жас мөлшері мен әлеуметтік мәртебеге тәуелсіз, дене шынықтыру және спорт саласы қоғамның әлеуметтік нығаюына, болашағы ортақ салауатты ұлттың қалыптасуына септігін тигізетін келешегі зор алаңдардың бірі ретінде танылады. 
Өткен жылы Қарағандыда 36 мыңнан астам адамның қатысуымен 50 астам спорт түрінен 278 жалпы қалалық шара өткізілді.
Қазіргі таңда қалада белсенді түрде спортпен 150 мыңнан астам адам айналысады, ол тұрғындардың жалпы санынан 31,2 % құрайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрғындар арасында таныман 3 жоба жүзеге асырылды.
Осылайша, шахматты дамыту бағдарламасы қаламыздың 825 шахматшысына республикалық және халықаралық жарыстардың түрлі деңгейлеріне қатысуға мүмкіндік берді.
Өзімізді 2016 жылы әлемдік деңгейде таныттық. Қарағанды шахматшыларының құрамасы Сочи қ. (Ресей), 2017 жылы Яссы қ. (Румыния), 2018 жылы Дуррес қ. (Албания) лайықты өнер көрсетіп, зор тәжірибе мен жақсы рейтингтік көрсеткіштерге ие болды. Қаламыздың 4 үздік өкілі құрамындағы «Қазақстан-Қарағанды» атты шахматшылар командасы 2018 жылдың қарашасында Конья қаласындағы (Түркия) 16 жасқа дейіңгі Дүниежүзілік жасөспірімдер Олимпиадасына алғаш рет қатысты. Жарыстарға 40 мемлекеттен келген әлемнің барлық аймақтары уәкілдерінің 46 команда қатысты.    Олимпиада нәтижесінде «Қазақстан-Қарағанды» командасының қатысушылары халықаралық рейтингте қомақты үлес алды. Барлық командалар Әлем мемлекеттерінің  құрамаларына уәкілеттік етсе, біздің құрама команда - Қарағанды қаласына уәкілеттік еткенін атап өткен жөн.
Қаламыздың тұрғындары арасында танымал болған «Аула футболы лигасы» мен «3х3 аула баскетбол лигасы» атты жобалар ағымдағы жылы сәйкесінше үш жас санатында 1200 астам қатысушы, екі жас санатында 430 астам қатысушы жинады. 2018 жылы «Аула баскетбол лигасы» ресми түрде FIBA Халықаралық рейтингіне қосылды.
Қаламыздың спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі «Қарағанды Арена» мұз спорт сарайының жанында орналасқан хоккеисттер мен мәнерлеп сырғанаушыларға арналған «Досжан-Спорт» атты жаттығу мұз айдынының ашылуы болып саналады.
Қаладағы орталық саябақтың қайта құрылуы аясында оның батыс аймағында спорт түрлерімен және үлкен тенниспен айналысуға арналған 3 спорт алаңы орнатылды. Қаланың жалпы білім беру мекемелерінде көп атқарымдық корттардың орнатылуда, 2018 жылы 5 корт орнатылды, мектептер бойынша олардың жалпы саны 44 дананы құрады.
Қалалық кешенді БЖСМ мен «Қайрат» БЖСМ спорт кешені 2018 жылы жөндеуден өтті.
Ағымдағы жылғы 5 қазанда Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттілігі жөніндегі тапсырмаға сәйкес, ағымдағы жылдан қаланың Жаңа орталығында күрес Орталығының, 50 метрлік жүзу бассейнінің құрылысын салу жоспарланған.
Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы желтоқсанда «Голубые пруды» ықшамауданында триатлон паркінің құрылысы басталды, оны ағымдағы жылдың тамыз айында Шахтер күніне қарсы пайдалануға беру жоспарланған.
Триатлон паркінде ұзындығы 5 км тартан және асфальтті бетоннан жасалған жүгіру және велосипед жолдары, алыс (750м) және қысқа (300м) қашықтыққа жүзу үшін понтонды құрылымдар, 100 велосипедшіге арналған спорт алаңы және транзит аймағы құрылады.
Сондай-ақ парк қоғамдық тамақтану алаңдарымен, душ кабиналарымен, сақтау камералары бар киім ауыстыру бөлмелерімен және судьяларға арналған алаңдармен жабдықталады.
Біздің келешектегі мақсатымыз – дене шынықтыру және спорттың әр қарағандылық үшін күнделікті қажеттілікке, бос уақыттың екпінді өту негізіне айналуы.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Мәдениет адамзат өркениетінен құралады. Осы маңыздылықты ескере отырып, біз тұрғындардың барлық топтарына қаланың мәдени мекемелеріне және мәдени-көпшілік іс-шараларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз.
2018 жылы әр түрлі мерекелер мен атаулы күндерге арналған 6 223 шара өткізілді.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2017-2020 жылдарға арналған қалалық жоспарды  жүзеге асыру аясында 2018 жылы қамтылған адамдар саны 13 мыңға жуық 11 шара өткізілді.
Бүгінгі күні мемлекеттік тілді тегін негізде оқытуға барлық жағдайлар жасалуда. Лингофондық кабинетте тегін негізде қазақ және ағылшын тілдерін оқыту жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы 164 адам оқытылып, сертификат алды.  
Барлық мәдени шаралар Қарағанды қаласының 85 жылдығын мерекелеуге орайластырылады: тақырыптық кітап көрмелері, сурет байқаулары, кітапханаларда фотокөрмелер, мерейтойлық кештер ұйымдастырылады.
Балалар-жасөспірімдер клубтарында ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар, байқаулар, танымдық бағдарламалар, «Шахтер» стадионының мұз айдынында отшашумен «I love Karaganda» мерекелік бағдарламасы, мәдениет үйлерінде мерекелік концерттер өткізіледі.
Ішкі саясат және жастар саясаты
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы рухани құндылықтардың жаңаруына ықпал етеді.
Бұл бастама адамға, руханиятқа, яғни негіздердің негізіне бағытталған және біздің халқымыздың мықты, аса жауапты, ынтымақты ұлтқа айналуына бағытталған. Бұл идея Қарағанды халқының қолдауы мен түсіністігіне ие болды.
Өткен жылы демеушілік қаражат есебінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Методическая көшесіндегі шағын гүлзар абаттандырылды, «Аманат-Арена» спорт кешенінде шағын футболға арналған спорт орталығының құрылысы аяқталды, «Литва бұрышы» демалыс аймағы ашылды, Бұқар жырау даңғылы, 13, 15 және Ленин көшесі, 1, 2 тұрғын үйлерінің қасбеттері қайта қалпына келтірілді.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын нығайту болып табылады.
2018 жылдың қарашасында Астана қаласында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форум өткізілді. Форумда мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланды, тиісті ұсыныстар жасалды, оған сәйкес азаматтық сектормен жұмыс жасалуда.
2018 жылы үкіметтік емес ұйымдар түрлі бағыттар бойынша: ардагерлер ұйымдарын, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау; діни экстремизмнің алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру;  шахмат, футбол, баскетбол, туризм және т.б. танымал ету бойынша ішкі саясат, білім беру, спорт және мәдениет салаларында 33 әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асырды.
Мемлекет басшысы ел дамуындағы жастардың маңызды рөлін ерекше  атап өтті. Жастар мемлекеттің болашағы болғандықтан, 2019 жылы Жастар жылы деп жарияланды.
Жастар саясатының басымдықтары тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
Мемлекет жастарға зор көңіл бөледі, жастардың әл-ауқатын және дамуын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.
Қалада мемлекеттік жастар саясаты саласының негізгі бағыттары бойынша жұмыс жасалып, табысты жүзеге асырылуда, 2018 жылы 70 мыңнан астам адамды қамтыған 300-ден астам ісшара өткізілді.
Жастар ортасындағы өзекті мәселелердің бірі - тұрғын үй алу. Өткен жылы 29 жасқа дейінгі жетім балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 27 пәтер бөлінді.
Тұрғын үйді сатып алуға бағытталған шаралар туралы жастар арасында хабардарлық деңгейін арттыру бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мен тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Жастардың жұмысқа орналасуына ерекше назар аударылады.
2018 жыл ішінде 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес жастардан 6473 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен 6375 адам қамтылды.
Жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде Қарағанды облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 19 шағын несие берілді, оның ішінде 6 адам - 29 жасқа дейінгі жастар.
Қазіргі таңда жастар - азаматтық қоғамның толыққанды, бастамашыл және жауапты субъектісі болып табылады.
Жастар үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылады, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, ЖОО және колледж түлектері өмірлік бастама жасау үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Осының бәрі – Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының нәтижесі.   
Қоғамдық қауіпсіздік
Ұлт көшбасшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «мемлекет құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу қағидаларына сүйенуі тиіс» деп атап өтілген.
Бекітілген жоспарға сәйкес, қалада қоғамдық құрылымдарды кеңейту бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда әкімдікте полицияның 140 қоғамдық көмекшісі тіркелген.
Азаматтардың профилактикалық жұмысқа қатысуы құқық тәртібіне оң әсерін тигізеді. Қоғамдық көмекшілердің көмегімен өткен жылы 31 қылмыс ашылып, 480 құқық бұзушылыққа жол берілмеді. Белсенді қатысқаны үшін 43 азамат ынталандырылды.
Жолдағы апаттар саны 1,6% төмендеп, ТЖО жаралғандардың саны 5,8% азайған.
Өткен жылы учаскелік инспекторлар 16,8 мың азамат қатысқан 754 жиналыс өткізген. Тұрғындардан 650 ұсыныс-ескетулер келіп түскен, оның ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша сұрақтар да көтерілген.
Қылмыстардың алдын алуда бейне бақылау жүйесі ерекше орын алады.
Осылайша, қазіргі таңда полиция басқармасында ЖБО 4620 камера іске қосылды, оның ішінде 1072 камера МЖМК бойынша жалпы қолдану орындарында орнатылған.
Абаттандыру мен аумақтарды санитарлық тазалау
Абаттандыру қала шаруашылығының маңызды басымдылықтарының бірі және қолайлы өмір сүру ортасын құруды бағалаудың индикаторы болып табылады.
Жалпы алғанда, қаланы абаттандыру Тұжырымдамаға сәйкес жүзеге асырылады, бұл - ландшафтты көгалдандыруды қалыптастыру, қолжетімді жерлерде саябақтар мен шағын гүлзарлар құрылысын салу, шағын сәулет нысандарын орнату, аула аумақтарын абаттандыру болып табылады.
Осы бағытта өткен жылы 6 үлкен гүлзар, 15 шағын гүлзар, 100 аула аумағы, оның ішінде Қазыбек би атындағы аудан бойынша – 50, Октябрь ауданы бойынша – 50 аула абаттандырылды.
Абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың сүйікті демалыс орындарына айналған түрлі спорттық, шаруашылық және балаларға арналған алаңдарды орнату сияқты кешенді тәсіл қолданылды.
Барлық нысандардың ашылуы атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге орайластырылды.
Орталық саябақтың Батыс бөлігін абаттандыруды бастау атаулы жоба саналды, мұнда 140 заманауи жарықдиодты жарықтандыру, ұзындығы 23 мың шаршы метрден астам тротуар плитасы орнатылды, 3 мың шаршы метрден астам шаңғыроллер трассасымен жабдықталды.
Ағымдағы жылы Орталық саябақтың Батыс бөлігінде құрылыс салу жобасын іске асыруды жалғастырылады, бұдан басқа 100 аула аумағын абаттандыру, сондай-ақ саябақтар мен шағын саябақтар салу, топиарлық фигураларды және т.б. орнату арқылы көгалдандыру тұжырымдамасын жүзеге асыру бастамасы жалғасын табады.
Бұл шаралар қаланың эстетикалық келбетін едәуір жақсартады, қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйін көтереді.
Жарықтандыру
Қаланың автомобиль жолдары бойындағы сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау аясында өтпе жолдың жарықтандыру сапасын жақсарту үшін Терешкова және Мұқанов көшелерінің жарықдиодты мен жарықтандыру тіректері бар шамдарды толығымен ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру жұмыстары Төлепов көшесі бойындағы Әуезов атындағы гүлзарда, Узенкадағы Байжанов атындағы гүлзарда, Сұрыптаудағы Серов көшесінде, сонымен қатар Республика даңғылы бойында жүргізілді. 
Сыртқы жарықтандыру желілерін ішінара ауыстыру жұмыстары Бұқар жырау және Республика даңғылдарында, Приканальная көшесінде, Қарағанды – Алматы тас жолында, сонымен қатар БЛҚЖО 30 жылдығы атындағы Орталық саябақта, Бейбітшілік бульвары бойындағы саябақта, Қазақстанның 50-жылдығына арналған саябақта жүргізілді.
Сондай-ақ өткен жылы қаланың бар сыртқы жарықтандыру желілерінің энергетикалық аудиті және жарықтандырудың толық талдауы жүргізілді.
Жұмыстың келесі кезеңі - МЖС негізінде қаланың сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту және пайдалану  болып табылады.
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Тағы бір маңызды мәселе аймақтық және қалалық инфрақұрылымды, оның ішінде көлік жүйесін жүйелі түрде дамыту болып табылады.
Қала жолдарының ұзындығы 982 шқ. Қалада 4 көпір, 10 жол өтпесі, 152 бағдаршам, 10 мың жол белгілері бар.
Жалпы өткен жылы автокөлік жолдарын жөндеуде қаланың 309 (Қазыбек би атындығы ауданында – 214 және Октябрь ауданында – 95) көшесі кірді. Жалпы жұмыс жүргізілген аудан 5 млн. шаршы метрді  құрайды. Жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын 70 учаскені құрайтын жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде Октябрь ауданы мен Қазыбек би ауданының жеке секторының негізгі көшелеріне басты назар аударылды.
Өткен жылы Гоголь көшесінің бойындағы (7-шi жолдан Гудерманская көшесiне дейiн) жалпы ұзындығы 5,4 шақырымды құрайтын магистральды күрделi жөндеу жұмыстары аяқталды.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында жолдың жүру бөлігін 6 жолға дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді, қиылыстар қайта жөнелді, жылдам және кедергісіз өтуді қамтамасыз ету аясында оң жақты съездер қосылды. Сондай ақ, барлық ұзындығы бойынша техникалық және жаяу жүргінші жолдары, шамдар мен бағдаршамдар ауыстырылып жабдықталды, жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылды.
Сонымен қатар, 2018 жылы ұзындығы 1,6 шақырым болатын Құрылысшылар даңғылы бойында (Приканальная көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) магистралды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда Су және кәріз желілерін тасымалдау, ауыстыру және қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде, қосымша Мұқанов көшесінің қиылысы және Шахтеров даңғылының автокөлік жолы бойында жаңа жаңбыр суағарлары желісі ауыстырылып жабдықталуда. Жобаның жүзеге асыру мерзімі 2018-2019 жж.
«Жаңа орталықты» дамыту және Қарағанды қаласының бас жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы Приканальная көшесі бойында, Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейін даңғыл типтес автокөлік жолдарының құрылысы басталды. Өткен жылы біржақты автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілді, ол Приканальная – 1, осы жақта жаяу жүргінші және техникалық жолдар, велосипед жолы, жарықтандыру тіректері орнатылды.
Сондай-ақ осы жобаның шеңберінде Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысы қайта жаңартылды. Мұнда жол қиылыстарын жеңілдетуге септігін тигізетін, көлік құралдарының ыңғайлы және кедергісіз өтуі үшін оң жақты жолдар орнатылған.
Приканальная-2 бойынша жолдың екінші бөлігінің құрылысы бойынша жұмыстар ағымдағы жылы жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы Волочаевская көшесінің бойындағы автомобиль жолының құрылысын салуды (Тәттімбет көш., бастап Республика даңғ., дейін) бастау жоспарланған, ол Жаңа орталықтың негізгі жолдарының бірі болып табылатын болады. Ұзындығы 1,7 км. Жобада жол бөлігінен басқа, жаяу жүргіншілер жолыны, велосипед жолыны және кәріз канализацияның орналасуы қарастырылған.
Сонымен қатар, 14 ықшам ауданы автостанциясынан бастап ұзындығы 5 шақырым болатын Республикалық маңызы бар «Шығыс айналып өту» автокөлік жолына дейін айналма жол құрылысын салу қарастырылуда, жүзеге асыру мерзімі - 2019ж.
Сондай-ақ автомобиль жолдары құрылысына, қайта құруға және күрделі жөндеуге бірқатар жобалар әзірленді. Олар:
- ұзындығы 10 шақырым болатын Майқұдықтағы К. Маркс көш–Магнитогорск көшесінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі 2019-2021 жж;
- ұзындығы 8,8 шақырым болатын транзитті автокөліктердің жүруі үшін 7 – магистраль автомобиль жолын күрделі жөндеу (Саран тас жолынан Тәттімбет көш., дейін); жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі 2019-2020 жж;
- Тәттімбет көшесінің М-14 қиылысын қайта құру, жобаны жүзеге асыру өткізу қабілетін 2 есе арттыруға, ЖКО саны азаюына мүмкіндік береді, жүзеге асырудың жоспарлаған мерзімі  2019 – 2020 жж;
- 134-шi есептік кварталда параллельді М-14-ке автожол құрылысын салу, ұзындығы 1,45 шақырым, жобаны жүзеге асыру мерзімі  2019-2020 жж.
Жолаушылар тасымалдау және жол қозғалысы қауіпсіздігі
Бұл салада жергілікті атқарушы органның мақсаты жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауға жағдайлар жасау, сондай-ақ тиісті қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз ету болып табылады.
Қала бойынша барлығы 9 тасымалдаушы 51 қалалық және 10 қала маңындағы маршруттарда көлік қызметін іске асырады, орташа есеппен автобустардың күнделікті желіге шығуы 540 бірлікті құрайды. Автокәсіпорынның қозғалмалы құрамының саны – 952 бірлік.
2018 жылы жаңа Б. Момышұлы атындағы көшені қамти отырып, тұрақты қалалық маршруттардың қозғалыс сызбасы әзірленді.
Қоғамдық көлік саласында автобус қозғалысының уақытын және жылдамдық режимінің сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін ақпаратты тақтайшамен жабдықталған «ақылды» аялдамалар, жолаушы көлігіне арналған GPS-мониторинг жүйесі қызмет етеді.
Меморандум шеңберінде «Смарт Кард» ЖШС Алматы компаниясы электронды билет беру бағдарламасын жүзеге асыратын бағдарламаны қолданысқа енгізді және 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап тест режимінде жұмыс істейді. Жобаны ағымдағы жылы толық жүзеге асыру жоспарланған.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы 1000 жол белгісі, 6 бағдаршам объектісі, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерге жақын 6 жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылып, орнатылды әрі жалпы көлемі 114 мың шаршы метр жол таңбалары салынды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғалары соңғы 5 жылда 60% төмендегені байқалады. 2013 жылы 408 ЖКО, 2018 жылы 245 ЖКО тіркелген.
Ал ағымдағы жылы білім мекемелерінің жанында жол белгілерін, ақпараттық тақталарды орнатуға ерекше көңіл бөлінеді.
Тұрғын үй құрылысы
Елбасы өз Жолдауында тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыруды жалғастыра отырып, халыққа сапалы және қолжетімді баспана беру бойынша бағдарды нақты анықтады.
Жалпы алғанда, 2018 жылы қалада 871 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2020 жылға дейін өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы «Тұрғындардың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Б.Момышұлы көшесіндегі 24-үй және 28-үйлерінде 616 пәтер пайдалануға берілді.
«Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында Бирюзов көшесі, 58 тұрғын үйдің 60 пәтері кезекте тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілді.
«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ бағыттары бойынша Майқұдықтың 12 және 15 ықшамаудандарында 195 пәтер пайдалануға берілді. Сондай-ақ 14 ықшамаудандағы пәтерлерді үлестіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл бағыттың негізгі көрсеткіші - тұрғын үйді қолданысқа енгізу болып табылады.
2018 жылдың қорытындылары бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 218,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 20% артық.
Оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй үлесі 37,1%, жеке құрылыс салушылар есебінен - 36,1%, жеке меншік инвестициялар есебінен 26,8% құрайды.
Бауыржан Момышұлы көшесі, 24 және 28 үйдің 3 блог-секциялары, «Трилистник» (Панель-Орталық ықшамауданы) 5, 6 тұрғын үйлері, «Жанұя» (2 кезек) тұрғын үй кешені, «Сапа» (1 кезек), «Шаңырақ» (1 кезек), «Достық» (2 кезек), «Жастар», Тәттімбет көшесі, 5а, 5б тұрғын үйлері, Приканальная көшесі, 6 үй, Ермеков көшесі, 106, Ботаническая көшесі, 12/4, Степной-3 ықшамауданы, 2/3, 2/4, Гүлдер-1 ықшамауданы 3/4, Голубые пруды ықшамауданы, 5/5, Бирюзов көшесі, 58 үй, Октябрь ауданында 14, 15 ықшамаудандардағы «ҚИК» АҚ желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Бюджеттік құрылыстан басқа, қалада мемлекеттік қолдау құралдарын қолдана отырып, жеке құрылыс салушылар тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде іске асыруда, бұл тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі.
Жалпы алғанда, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 287 мың шаршы метр немесе 3200 пәтерден астам 32 жоба анықталды, оның ішінде өткен жылы 159 пәтерлі 15 жоба іске асырылған.
Осы бағдарламаның бағыттарын ескере отырып, коммерциялық тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық өсімі 20% деңгейінде болжамдалуда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда тұрғын үймен қамту 24,8 шаршы метрді құрайды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті  бір адамға 30 шаршы метрге дейін ұлғайту қажет, осы мақсатта қаланың зор әлеуеті бар.
Коммуналдық шаруашылықтың дамуы
Коммуналдық саладағы басты міндет тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жылу, су және электр энергиясын үздіксіз және жоғары сапалы қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.
Осы мақсатта 2018 жылы қаланың коммуналдық қызметтері барлық қаржыландыру көздерін есепке ала отырып, ЖЭО-1, ЖЭО-3 жылу көздеріндегі 5 қазандықты және 3 турбинаны күрделі жөндеуден өткізді, 26,6 км жылу желілерін, 45 - сумен жабдықтау және 2 - канализация, 103 - электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 17 км қашықтықта жылу оқшаулауын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілде.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында бюджеттік несиелендіру тетігі арқылы жылумен қамту желілерін қайта құру бойынша 4 жоба негізінде жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 2 жоба аяқталды, 2 жоба 2019 жылға ауыстырылды.
Қайта құру жұмыстары 4,3 шақырымдық ұзындығы бар желілердің ең күрделі бөліктерін қамтыды. Бұл Чапаев көшелерінің бойындағы (2 учаске) және Гоголь көшесі, Республика даңғылының бойындағы негізгі жылу желілері.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жылу шығындарын 26,5 мың Гкал/жыл шамасында азайту, жылумен жабдықтау сапасын 1540 тұрғын үйге және 217 әлеуметтік-мәдени объектілеріне жеткізу.
Сонымен қатар, қашықтығы 10,8 км құрайтын 7 КСС бастап Аэрация станциясына дейінгі №10 кәріздік коллекторды қайта құру жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы жөндеу науқандарын жүргізу бойынша жоспарлы жұмыстар қызмет берушілердің инвестициялары есебінен жалғастырылатын болады.
Тағы бір маңызды жоба – газбен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет басшысының бесінші бастамасын іске асыру аясында КАТЭК жобалау ұйымымен «Елді одан әрі газдандыру» жобасы аясында Қарағанды қаласындағы тарату желілерінің жобасын аяқтады, жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Газ құбырының 1100 км ұзындықтан астамын салу жоспарланып отыр.
Қарағанды қаласы 4 кезекке және 16 іске қосу кешеніне бөлінген.
Газбен қамтамасыз ету 24 мыңнан астам жеке меншік үйді, 100-ге жуық өнеркәсіптік кәсіпорынды және 300 жуық шағын және орта бизнес субъектілерін қамтиды.
Сондай-ақ экологиялық жағдай жақсарады. Тек Қарағанды қаласында газбен қамтамасыз ету шарасына өту өнеркәсіп қазандықтарымен атмосфераға зиянды қалдықтарды 5 есеге, ал жеке меншік сектордағы үйлерден 14 есеге (жылына 39 мың тонна) азайтады.
Жерге орналастыру жəне сəулет мəселелері
Қаланың кешенді дамуы Бас жоспарға тікелей байланысты, оны іске асыру аясында бекітілген 25 қала құрылыстық жобалар жəне инженерлік қамтамасыз етудің 5 салалық сызбалары бар.
ҚР Жер кодексінің 48-бабына сəйкес, жер мəселелері бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында қалада жер учаскелерін беру сауда-саттықтар (аукциондар) өткізу жолымен жүргізіледі.
2018 жылы 5 аукцион өткізілді, 31 млн. теңге сомасына көлемі 7,7 га 56 жер учаскесі сатылды.
Аукциондық жүйе жер учаскелерін берудің неғұрлым ашық нысаны болып табылады. Бұдан басқа, аукциондарға межеленуден жəне кадастрлық бағалаудан өткен, бастапқы-рұқсат беру құжаттамасы бар дайындалған учаскелер қойылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы
Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында Электрондық үкіметті дамыту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Бұл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың бұл маңызды аспектісі.
Аталған бағыттағы жұмыстар қаламызда белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл бағытта өткен жылы қаланың атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 79 түрі бойынша 211 088 қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 54 838, электрондық үкімет порталы арқылы – 25 246, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы – 2 055 қызмет, қағаз нысанда – 107 929 қызмет, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 21 020 қызмет.
2018 жылы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 61 169, білім беру бойынша – 53 887 қызмет.
Сонымен қатар, 2018 жылы мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларға қабылдау процесін толық автоматтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізілді. Бұл жүйе балабақшаларға жолдама алу кезінде ата-ананың қызмет көрсетушімен байланысын азайтуға мүмкіндік берді, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Азаматтардың үйден шықпай, Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарында Egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 49 мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылы қала әкімдігінің ғимаратында бір терезе және электронды кезек арқылы ашық қызмет көрсетуді енгізіп, өз-өзіне қызмет көрсету және ерекше қажеттілікті талап ететін адамдар үшін қолайлы жағдай бұрыштары жабдықталып, «Open Karaganda» жобасы жүзеге асырылатын болады.
Фронт-офис форматында (қабылдау, консультация және құжаттар беру) жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін 19 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық бәсекеге қабылетті экономикаға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне, мықты азаматтық қоғамның қалыптасуына кедергі жасайды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қалалық комиссия жүйелі жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерімен қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің сақталуы бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2018 жылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне 114 семинар, оның ішінде 3 семинар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы өкілдерімен және «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп өткізілді.
Қала әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жұмыс істейді, олардың номерлері баспа басылымдарында, интернет-сайттарда тұрақты негізде жарияланады.
Азаматтардың өтініштері
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, оның нысандары мен әдістерін жетілдіру мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс тұрақты бақылауға алынған. 2018 жылы олардың саны әкім блогына түскен өтініштерді ескере отырып, 6286 өтінішті құрады, ол 2017 жылға (7367) қарағанда, 17% азайған.
Өтініштердің басым бөлігін немесе 65% сәулет және жерге орналастыру мәселелері, 25% - тұрғын үй беру мәселелері, 10% - коммуналдық шаруашылық мәселелері құрайды.
Азаматтардың мемлекеттік органдармен электронды өзара әрекеттестігінің барынша тиімді механизмін құру мақсатында «Qamqor» (Камкор) мобильдік қосымшасының республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру жұмысы  жалғастырылуда.
Қала әкімінің 2017 жылы есеп беру кездесулері барысында 4 бағыт бойынша азаматтардан 17 өтініш түсті.
Қазіргі күні 13 өтініш орындалды, 4 өтініш қосымша бақылауға алынған.
Құрметті қарағандылықтар!

Біздің қаламыздың барлық жетістіктері – оның тұрғындарының ортақ еңбегінің нәтижесі. Біз көп жетістіктерге жеттік, алдымызда одан  да маңызды міндеттер, одан да ауқымды жұмыстар тұр.
Ағымдағы жылы бізге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз ету бойынша мақсаттар қойылған.
Қарағанды қаласының 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясын әзірлеу жоспарланған, «адамдар инфрақұрылымға» бағдары аясында Жолдаудың барлық басымдықтарын іске асыру бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізілетін болады.
Қарағандының жоғары экономикалық, ғылыми-техникалық және рухани күш-қуаты бізге әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қала алдында тұрған барлық міндеттерді уақытында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан барлық қарағандылықтарды Елбасы қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігуге шақырамын, себебі тек достық пен келісім, өзара құрмет арқылы ғана алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға болады.
Қарағанды қаласы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерінде қарастыруға жоспарланған мәселелер тізбесі:
1. 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы.
2. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауларын іске асыру туралы.
3. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы:
- Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020»;
- «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы;
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы;
- «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
- «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және т.б.
4. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы.
5. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үй құрылысы туралы.


 


Дата редактирования: 04 Февраля 2019 08:44

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина