Қарағандыда
  • USD 378.38
  • EUR 431.05
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2019 жылы Қарағанды қаласы әкімінің есептік кездесуін өткізу барысында түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспары

р/с

Айтылған ұсыныстар, ескертулер

Автор, мекенжайы

Ескертулерді/ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша ісшаралар Орындау мерзімі

Ісшаралардың орындалуы

Орындалуына жауаптылар

1

Толық күн оқитын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселесі туралы

Лизун И.В.,

Октябрь ауданының 13 ықшауд., тұрғыны.

 

31.12.2019ж дейін  

Жеке меншік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша 2019 жылы Республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Бастауыш сынып оқушысына жылына шамамен  250 мың тенге, ал 5-9 сынып оқушыларына жылына шамамен 300 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Әкімдіктің қаулысы дайындалып, бекітілгеннен кейін  конкурс  жарияланады. Жеке меншік мектептер конкурс  талаптарына   сәйкес  құжаттарды тапсырып,   мемлекеттік тапсырысына орната алады

Любарская И.Ю.

Кенешова Р.А.

2

Октябрь ауданындағы «Теміржолшылар» МҮ алдындағы саябақты абаттандыру туралы

Смирнова Е.Ю.,

Октябрь ауданының тұрғыны

 

01.10.2019ж дейін  

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Теміржолшылар» МҮ алдындағы гүлзарды абаттандыру жоспарланған, осы мәселе аясында аумақтарды көгалданыдру, асфальт жабынын жайластыру, ШСН (шағын сәулет нысандары) орнату жоспарланған.

    Қазіргі күні «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ конкурстық рәсімдерді өткізу барысында, оның нәтижелері сәуір айының соңында белгілі болады.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

 

3

Архитектурная көш., автомобиль жолын жөндеу туралы

Маулитов Канат – Октябрь ауданының тұрғыны.

 

01.10.2019ж дейін  

2019 жылы Архитектурная көш., (Магнитогорская көш., бастап 17 бағытқа дейін) ұзындығы 2 км автомобиль жолын орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі күні мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жұмыстарды қолайлы ауа райы басталғаннан кейін бастау жоспарланған.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

 

4

«Одарешка», «Ақжарқын» балабақшалары және №33 мектеп жанындағы шағын-орталық жанында жарық, жаяужол және жол белгілерін орнату туралы

Жақсыбекова Марал, ата-аналар комитетінің өкілі, Пришахтинск 23 ықшауд., тұрғыны

 

31.12.2019ж дейін

23 ықшауд., квартал ішілік автомобиль жолдары бойынша жаяу жүргіншілер жолын жайластыру мәселесі жөнінде хабарлаймын,  жаяу жүргіншілер жолын жайластыру автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстары кешенінде жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылы жоғарыда аталған мекенжай бойынша квартал ішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бюджеттік қаражат қарастырылмаған, жаяу жүргіншілер жолын жайластыруға көмек көрсету мүмкін емес.

Белгі орнатуға қатысты хабарлаймын, «Одарешка», «Ақжарқын» және № 33 ОМ жанындағы шағын-орталық жанында жол белгілерін орнату мәселесі қажетті жол белгілер тізбесіне енгізілетін болады.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

 

5

Октябрь ауданында жол белгілерін орнату туралы

Тимошенко А.П.,

Карпатская көш., 39

 

01.09.2019ж дейін

2019 жылы 680 жол белгісін, оның ішінде Октябрь ауданында 386  орнату жоспарланған.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

6

«Теміржолшылар» саябағынан бастап емханаға дейінгі жолды асфальттау туралы

Омутова Г.А., Октябрь ауданының тұрғыны.

 

01.10.2019ж дейін  

Автомобиль жолдарын орташа жөндеудің 2019 жылға арналған тізбесінің қалыптастырылуына байланысты, Серов көш., автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкін емес. Серов көш., автомобиль жолын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде ескерілетінін қосымша хабарлаймыз.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

7

Октябрь ауданындағы зираттар жаққа баратын жолды жөндеу туралы

Октябрь ауданының тұрғыны

01.10.2019ж дейін  

Автомобиль жолдарын орташа жөндеудің 2019 жылға арналған тізбесінің қалыптастырылуына байланысты, автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкін емес.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

8

Бобруйская көш., электр желілерін қызмет берушілердің балансына беру туралы

Жұмабеков Б.К.,

Қарағанды қаласының қоғамдық кеңес мүшесі.

 

01.12.2019ж дейін

Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан мекенжайында орналасқан КЛ ТП-75 бастап Бобруйская көш., 1 «А», 2 «А», 3 «А» тұрғын үйлерге дейінгі  электр желілері «Инженерлік желілерді жер учаскелерімен беру туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы №53/05 қаулысы негізінде 2018 жылғы 21 ақпандағы қабылдау-тапсыру актісімен «Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШС берілген және тіркелген.

Оспанов С.Т.

Шалабеков Ж.Р.

Шатохина Т.Н.

Қалиақпаров Б.К.

9

11Д маршруты бойынша жолды грейдермен тегістеу туралы

Рудометкин Н.Н. – «Машиностроитель» бақшашылық қоғамының төрағасы

Юбилейная көш.,5, 23 пәтер.

 

01.09.2019ж дейін  

2018 жылы №11д жүріс бағытының автомобиль жолы бойынша комиссиялық шығу іске асырылды, оның нәтижесі бойынша ақаулы өнім тізімдемесі жасалды және аталған автомобиль жолына сома есептелді. Оған қажеттілік 643 756, 5 мың теңгені құрады. Сондай-ақ 2018 жылы 11д жүріс бағытының автомобиль жолын орташа жөндеуге бюджеттік өтінім берілді.

Облыстық мәслихат сессиясының қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының 16 учаскесіне бюджеттік қаражаттар бөлінді, оның нәтижесі бойынша аталған автомобиль жолы 16 жол тізбесіне енгізілмеген.  Автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкін емес. Жоғарыда аталған автомобиль жолын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде ескерілетінін қосымша хабарлаймыз.

Сондай-ақ 2020 жылға дейін жазғы маусымда аталған автомобиль жолы бойынша  бейіндеу және фрезерленген материалдармен төсеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын.

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

10

«Сказка» балалар қалашығының аумағына орналасқан объектілерді бұзу мәселесіне көмек көрсету туралы

Пак Г.С.,

Н. Әбдіров даңғ., 17 үй.

 

31.12.2019ж дейін

Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша Сот алқасының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №3599-18-00-2а/5652 Қаулысын орындау мақсатында «Шахтер» КМҚК (бұдан әрі - КМҚК) жер учаскелерін біріктіруді жерге орналастыру жобасы әзірленді.

     Сондай-ақ КМҚК жер учаскелерінің шекараларын түзету бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу жоспарланған.

     ҚР Жер кодексінің 164-1 б сәйкес  жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге құқылы.

     Жоғарыда аталған жер учаскелеріне құқық тіркелгеннен кейін КМҚК жер учаскесін босату туралы хабарлама жолдайды.

     Жер учаскесін босату бойынша талаптар орындалмаған жағдайда КМҚК жер учаскесін босату туралы сот органдарын талап арыз жолдайды.

Шалабеков Ж.Р.

Ильясов Б.Б.

Мазитов В.Н.

11

«Динамодан» бастап Восток-3 дейін жолдарды асфальттау бойынша жұмыстарды аяқтау туралы

Кузнецова А.С. – Восток-2 ықшауд., 15 үй, 104 п.

 

01.10.2019ж дейін

     2017 жылы «АрмСтрой» ЖШС мердігер ұйымымен Восток 1,2,3 – 1 квартал (Моховая көш., бойынша Бабушкина көш., кіреберісіне дейін учаскені қоса алғанда) айналып өтетін автомобиль жолын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Осы автомобиль жолының кепілдік мерзімі объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Барлық анықталған ескертулер қолайлы ауа райы басталғаннан кейін кепілдік негіз шеңберінде жойылатын болады. 

Оспанов С.Т.

Дүйсембеков А.С.

12

Тегін ұзартылған топтарын қайта қалпына келтіру мәселесі туралы

Шутова Т.П. – Пичугин көш., 64 үй, 94 п.

 

 

30.10.2019ж дейін

Мектептердегі мектепке дейінгі топтар ағымдағы нормативтік құжаттарда  қарастырылмайды және оларды енгізу үшін республикалық деңгейде жеті құжатта өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Өткен жылы осы мәселе бойынша ұсыныстар бірнеше рет тиісті органдарға жіберілді, бірақ, өкінішке орай, бүгінгі күні ешқандай қозғалыс жоқ. Сондықтан бұл мәселе жергілікті деңгейде шешілетін болады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі топтар қажеттілігіне  (112 топ) және қажетті қаржыландыру көлемі (56 млн. теңге) есептелінді. Бұл мәселе бюджетті нақтылау үшін мәслихаттың кезекті сессиясына жіберіледі

Любарская И.Ю.

Кенешова Р.А.

13

Әлеуметтік павильондарда азық-түлік өнімдеріне бағаны бақылау туралы

Шутова Т.П. – Пичугин көш., 64 үй, 94п.

 

30.10.2019ж дейін

2019 жылы Қарағанды қаласы әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарын орындау мақсатында әлеуметтік павильондардағы азық-түлікке бақылау жасауға қатысты азаматша Т.П.Шутовадан келіп түскен өтініш қарастыру бойынша ақпарат жолдаймын.

2017 жылғы 9 сәуірдегі Қарағанды облысының әкімі Е. Ж. Қошановтың хаттамалық тапсырмасы негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату павильондарындағы жағдайды жақсарту үшін барлық 22 әлеуметтік павильон және «Ғасыр» коммуналдық базары «Сарыарқа» ӘКК берілді (Әділет басқармасында 2017 жылғы 5 маусымда тіркелді).

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуін болдырмау ушін тұрақты турде қаланың сауда объектілері бойынша ӘМАт бағаның қалыптасуын талдау және өзара серіктестік туралы жасалған Меморандумдарға сәйкес минималды сауда үстеме (5-10%) шарттарын сақтау ушін баға мониторингі жургізіледі.

Сондай-ақ, көтерме сауда жеткізушілерде бакалея өнімдерінің қалдықтарына мониторинг және тауар өндірушілер бойынша өндіріс балансын жүргізу және Шығыс базарында жеміс-көкөніс өнімдерінің түсуінің мониторинг жүргізіледі.

ӘМӨТ бағалардың негізсіз өсу жағдайында және себептерін анықтау мен ҚР тиісті заңнамасы аясында шаралар қолдану үшін «Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ-не хат жолданады.

Қаланың сауда объектілерінде әлеуметтік сөрелер құру бойынша жұмыс жалғасуда, мұнда негізінен жергілікті өнімдер өлшенген түрде және қолжетімді бағамен сатылады.

Бағаның өсуі мәселелері бойынша халықтың өтініштерін қабылдау үшін жедел желі (42-12-13) бар және келіп түскен барлық шағымдар уақытында қаралады, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Мукеева Р.Т.

Рахымбаев А.Ж.

14

Компанейск кентінің зираттарына кіруді орнату мүмкіндігін қарастыру туралы

Степук Л.Г.- Октябрь ауданының тұрғыны.

 

30.10.2019ж дейін

Компанейск селосының зиратына апартын автомобиль жолы облыстық деңгейдегі жол болып табылуына байланысты, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ атына жоғарыда аталған автомобиль жолын жөндеуге көмек көрсету үшін хат жолданды.

Оспанов С.Т.

Кожухов М.М. Дүйсембеков А.С.

 

15

«Шахтер» стадионын абаттандыруға ақшалай қаражат бөлу туралы

Гимранова Г.Х. –

Сәтбаев көш., 77 үй.

 

30.10.2019ж дейін

2019 жылы Қарағанды қаласы әкімінің есептік кездесуін өткізу барысында түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспарының 15 тармағындағы «Шахтер» стадионын абаттандыруға ақшалай қаражат бөлу туралы сұрағына сәйкес келесіні хабарлаймын.

 «Шахтер» КМҚК құрылымына «Жастар» спорт кешені, «Локомотив» оқу-спорт кешені, «GGG» дене тәрбиесі-сауықтыру кешені және қаламыздағы аула клубтары.

«Шахтер» КМҚК стадион және құрылымдық бөлімшелерінің аумақтарында жыл сайын кезең-кезеңмен абаттандыру жұмыстары жүргізіледі:

  • электр және коммуникация желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары;
  • стадион және құрылымдық бөлімшелерінің қасбеттерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары;
  • стадион айналасындағы аумақты асфальттау және белгілеу жолақтарын салу, оған қоса мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгілеу жолақтарын сызу;
  • спорт кешендерінің кіреберістеріне велосипед тұрақтары қойылады.

2019 жылға бір қатар жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сұрыптау кентінің тұрғыны Рябихина Лариса Николаевнаның бассейнде судың болмау мәселесі бойынша келесіні хабарлаймын.

«Локомотив» спорт кешенінің бассейндерінде үш жылда бір рет профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Профилактикалық жұмыстар барысының бассейнге келушілер кіргізілмейді. Жұмыстар 5 немесе 7 күн аралығында жүргізіледі. Соңғы профилактикалық жұмыстар 2017 жылы жүргізілген.

Любарская И.Ю.

Нұртаева Б.С.

Мазитов В.Н.

16

Таугүл ықшаудн., канализация құрылысын аяқтау және судың жоқтығы туралы

Бакизов А.Ж. – Волочаевская көш., 41 үй, 39 пәтер.

 

31.12.2019ж дейін

134 есептік кварталдың 17 учаскесін қосымша енгізуге байланысты, кейін мемлекеттік сараптамадан өтумен, ЖСҚ түзетулер жүргізілуде.

СМР аяқтаудың болжанған мерзімі ағымдағы жылдың соңы.

Таугүл ықшауд., сумен жабдықтау мәселесі бойынша: қазіргі таңда Қарағанды қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 152-ө өкіміне сәйкес сумен жабдықтау және су тарту желілеріне уақытша техникалық қызмет көрсетуге объектілерді «Қарағанды Су» ЖШС беру жүргізілуде. Бұрын «Қарағанды Су» ЖШС ескертулер жасалған болатын, қазіргі күні олар жойылды.

Шалабеков Ж.Р. Тюлюбаев Р.М.

17

«Степной-2» ықшауд., 58 үй аншлагты ауыстыру туралы

Бояркина Л. Б.,

Степной-2 ықшауд., 9 үй.

 

31.12.2019ж дейін

13.02.2019ж «Медиа Высот Монтаж» ЖШС күшімен Степной-2, 9 үй және Степной-2, 1 үй ықшауд., мекенжайы бойынша аншлагтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстар іске асырылды. Басқа мекенжайлар бойынша аншлагтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстар жазғы маусымда жалғастырылатын болады.

Шатохина Т.Н.

18

Суды (ыстық және суық ) пайдалану кезінде тоқ соғады - мәселесін шешуге көмек көрсету туралы

Жакупбаева Р.К., – Керамическая көш., 76 үй, 49 пәтер

 

15.03.2019ж дейін

2019 жылғы 26 наурызда «Теплотранзит Караганда» ЖШС және «Қарағанды Су» ЖШС-мен өтініш берушіні қатыстыра отырып, комиссиялық тексеріс жоспарланған.

Қарастыру мерзімін 2019 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды сұраймын. 

 Оспанов С.Т.

Шатохина Т.Н.

19

ТҚҚ жинау үшін алаңдарды көшіру және қосымша контейнерлер орнату туралы

Кулинич Т. А., – Гапеев көш., 1 үй, 598 пәтер.

 

01.10.2019ж дейін

Қарағанды қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, жою, қайта өңдеу және көму жөнінде қызметтер көрсету туралы 2017 жылғы 16 мамырдағы Шартқа және Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жөнінде өтеусіз қызметтер көрсетудің жария шартына (бұдан әрі - Шарт) сәйкес тұрғындардың ТҚҚ шығару жөніндегі қызметін «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС көрсетеді. Шарттың 3 тарауының 3.2 т 4 тт сәйкес «ГорКомТранс» ЖШС тұтыну нормаларына сәйкес  контейнер алаңдарына абаттандыру (асфальттау, қоршау орнату, контейнерлер сатып алу және орнату) жұмыстарын жүргізуі қажет. «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС  ауызша жауабына сәйкес Гапеев көш., № 1 үй бойынша контейнер алаңын көшіру және абаттандыру 2019 жылғы жазғы маусымға жоспарланған.

Шатохина Т.Н.

 

20

Шахтерский кентін орталық жылуға қосу туралы

Боранбаева К.С.

Экибастузиская көш., 131 үй, 13 пәтер.

 

31.12.2019ж дейін

2018 жылы тапсырыс беруші «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ және  жобалаушы ұйым «Шебер» ЖШС арасындаға мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша «21-23 ықшамаудандарының магистральді желілерін қайта құру» және «Шахтерский кентінде (Кемеровская көш.,) су айдайтын сорғы станциясымен жылу және ыстық сумен жабдықтау құрылыс салу» ЖСҚ әзірлеуге 2018 жылғы 4 маусымда № 67, 68 шарттар жасалды. Жобаларды аяқтау мерзімі кешенді ведомстводан тыс сараптама жасай отырып,  2019 жылғы мамыр-маусым айлары. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін аталған жобаларды жүзеге асыруға бюджеттік бағдарламалардың  жоғары тұрған әкімшісіне бюджеттік өтінім берілетін болады.

21-23 ықш/ауд., магистральді желілеріне  Шахтерский кентінде су айдайтын сорғы станциясымен ЖСҚ ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады.

Шалабеков Р.Ж.

Тюлюбаев Р.М.

Байділда Ж.Ж.

21

Бобруйская көш., аула аумақтарын абаттандыру туралы

Токтарова Г.Б.

Керамическая көш., 76 үй, 31 пәтер.

 

31.12.2019ж дейін

2019 жылы «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 50 аула топтарын абаттаныдру жоспарланған. Аула аумақтарын абаттандыру жобасының құрамымен келесі элементтерді орнату қарастырылған: қолданыста бар өтетін жол бөлігінің асфальт жабындарын қалпына келтіру, жиектастар орнату, жасанды жер кедір-бұдырларын орнату, урналар мен орындықтар орнату, жарық тіректерін орнату. Алайда, ағымдағы жылы Бобруйская көш., аула аумақтарын абаттандыруға бюджеттік қаражаттар қарастырылмаған. Осыған байланысты аула аумақтарын абаттандыруға көмек көрсету мүмкін емес. Бақылаудан алуды сұраймын.

Шатохина Т.А.

 

22

Үйлер ауласында жарықтар орнату туралы.

М. Мәметова және Серов көш., тұрғындары.

 

01.03.2019 ж дейін

     2017 жылы аудан әкімінің аппаратымен М. Маметова көш., 76, 78 үйлер, Серов көш., 73, 75 үйлер мекенжайы бойынша орналасқан аула аумақтары «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді абаттандырылып,  жұмыстардың бір түрі жарық тіректерін орнату қарастырылды. «Қарағанды жарық» ЖШС  берілген техникалық талаптарға сәйкес олар Серов көш., № 73 үйге қосылды. Аталған аула аумағын жарықтары дұрыс жұмыс қалпында тұр.

Кожухов М.М.

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                                          Н. Әубәкіров


 


Дата редактирования: 03 Мая 2019 10:23

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина