Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бизнестiң әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.
Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациялары конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Қарағанды қаласының барлық жұмыс берушілерін белсенді түрде қосылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырамыз:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);
2) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» (номинациясында тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);
3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).
4)  «Экологияға қосқан үлесi үшiн» (бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады).
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Қазақсан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 жарлығымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережесі Қарағанды қаласы әкімдігінің веб-сайтында жарияланған (www.Karaganda-akimat.kz).
Өтінімдерді ағымдағы жылдың  1 қарашасына дейін қабылдайды, мекенжайы: 100000 Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, 10 кабинет «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Электрондық мекенжайы: krggorsobess@mail.ru.
Анықтама телефоны: (8-7212) 56-72-27, 30-02-29.
Қарағанды қаласының әкімдігі
«Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ
тел. 56-72-27


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина