Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өндеу туралы ақпарат

Қарағанды қаласының статистикалық  бизнес тіркелім мәліметтері бойынша тамақ өнімдерін өндіру бойынша тіркелген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 136 бірлік.

Оның 3 кәсіпорыны ірі, 4 орта және қалған 129 шағын кәсіпкерлік.

Қаладағы тамақ өндірісінің негізгі өндірушілері болып «Эфес Казахстан» АҚ, «Конфеты Караганды» АҚ, «Караганды Нан» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ және т.б. табылады.

Берілген саланың көптеген кәсіпорындары облыстық және республикалық өткізу нарығына бағдарланған.

Бөлек бір кәсіпорындардың өнімдері Орталық Азия нарығына ұсынылған.

Ірі және орта кәсіпорындардың ортажартыжылдық көлемі саланың жалпы көлемінен 12,8% құрап және 35,0 млрд. теңгеге тең (2015 жылдың жалпы көлемі – 274,1 млрд. теңге).

Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін дәріптеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде тұрақты негізде Қарағанды қаласының тамақ өнеркәсіптері көрмелер мен жәрмеңкелерге қатыстырылады.

Жүргізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде, «Жасыл Керуен» шағын жәрмеңкелерінде тұрақты негізде азық-түлік тауарларын өндірушілер қатысуда («Тұлпар» ЖШС, «Тай» ЖШС, «Татьяна и К» шағын наубайханасы ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Конфеты Караганды» ЖШС және т.б.).

Сондай-ақ, жергілікті өндірушілердің өнімдерін дәріптеу мақсатында «Қазақстанда жасалған» акция шеңберінде қаланың жергілікті тауарөндірушілерімен бірыңғай «Қазақстанда жасалған» логотипін шығарылатын өнімдерде, кәсіпорынның ресми сайтында және жарнама материалдарында орналастыру жөнінде жұмыс жүргізілді.

«Қазақстанда жасалған» логотипі азық-түлік дүкендерінде, супермаркеттер желілерінде және т.б. таратылуда.

Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек құралдарын қолдануға тарту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қалада бизнестің Жол картасы 2020 бағдарламасын жүзеге асырудан бастап берілген саланың 30 кәсіпорыны көмек алды.

Нәтижесінде азық-түлік өндірісіне 3657,4 млн. теңге инвестиция тартылып, сондай-ақ айналым капиталын толықтыруға 3487,0 млн. теңге сомасында 3 кәсіпорын қаржылық көмекке ие болды.

Сонымен қатар, Ұлттық қор құралдары шеңберінде қаланың 17 кәсіпорыны 6%-бен 2797,6 млн. теңге көлемінде жеңілдік алды.

Бүгінгі күні «Конфеты Караганды» АҚ кондитерлік фабрикасы қанттық кондитерлік өнімдер фабрикасын модернизациялау бойынша жоба жүзеге асырылуда.

400 жұмыс орнын құрумен, жоба құны 18 млрд. 812 млн. теңге, жоспарлы жіберу мерзімі 2017 жыл.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан нарығында шығарылатын өнім үлесін 2%-дан 20% дейін ұлғайтуды және импорттық өнімді алмастыру жоспарланған.


Дата cоздания: 04 Августа 2016 11:06
Дата редактирования: 04 Августа 2016 11:06

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина