• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау

Аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері. Инвестицияны қажет ететін жобалар туралы ақпараты бар инвесторлар үшін ұсыныстар. Инвесторларды қолдау туралы ақпарат.

Қарағанды қаласы бүгінгі күні ірі индустриалды-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени облыстық орталық болып табылады. Қарағанды қаласының өнеркәсібі тау-кен өндірісі, өңдеу саласы, сонымен қатар электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауалық желдету саласымен кең көрініс табады.

Соңғы жылдары ҚР индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы ең өзекті және өршіл инновациялық, оның ішінде Қарағанды қаласының аумағында табысты қызмет істеп жатқан жобаларды іске қосу үшін қарқынды күш болды.

Аймақ шағын, орта және ірі бизнестің және шет елдік кәсіпорындардың өкілдерін дамытуға тарта отырып әлеуетін екпіндеп дамытуда. Инвестицияларды тарту мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігімен тұрақты түрде қала кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау құралдарына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, жаңа инвестициялық жобаларды іздестірілуде.

Инвестициялық жобаларды сапалы таңдау және индустриаландыру Картасына енгізу үшін Қарағанды қаласының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіледі;

Сонымен қатар, қала кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бағдарламасына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының өнеркәсібі дамыған бірден-бір өңірі болып табылады және өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімін өндіру, сыра, маргарин өнімдері мен көмір шығаруда алдыңғы шепте тұр. 

Алайда, жаңа импортты алмастыратын құру үшін бос бастамаларды анықтау мақсатында ірі кәсіпорындардың өндірісін ұйымдастыру үшін шығын материалдары ретінде қажет сатып алынатын импорт өнімдерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Аймақтың жүйе құру кәсіпорындарының («АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Корпорация Казахмыс» ЖШС),сонымен қатар қаланың ірі және денсаулық сақтау жүйесі кәсіпорындарының шығын материалдарға қажеттілігі анықталды:

 

Импортталатын туарлар нарығын зерттеуге сәйкес, келесі қажеттілік анықталды:

1) қаланың медециналық ұйымдары бойынша медециналық өнімдерге қажеттілігі 1000-нан астам, оларға: УДЗ, ЭКГ үшін қағаз, хирургиялық жібек,  этибонд, перифериялық көктамырлар үшін катетерлер және т.б.;

2) «Эфес Казахстан» ШК АҚ бойынша: шыны шөлмектер, шөлмектре үшін қақпақтар, өндіріс жабдықтары үшін бөлшектер, ферменттер, хмель, тоңазтқыш құрылғылар, сыра үшін жабдықтар;

3) «АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Корпорация Казахмыс» ЖШС бойынша болат, кірпіш, тік жапсарлы құбырла, пештер үшін бөлшектер жабдықтар және т.б. сияқты 5000 атаулы тауарларға қажеттілігі анықталды;

4) «Фармация 2010» ЖШС бойынша флакондар және бәңкелер, М-78 қаптау қағазы;

5) «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС аяқ киім былғарысы, фурнитура, желім және химиляқы материалдар мен т.б.

Өзге кәсіпорындар бойынша осыған ұқсас ақпарат ұсынылған (Қосымша 1).

Азық-түлік өнеркәсібінде өсімдік майын өндіру бойынша өндіріс жоқ және шет елден әкелінетін импорттық өнімге тәуелділік бар.

Оған қоса, осы саланың кәсіпорындары үшін таралар шығару бойынша өндіріс жоқ және импорттық өнімге тәуелді, ол өз кезегінде азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етеді.

Жеңіл өнеркәсіпте күнделікті киім-кешек шығару бойынша өндіріс құру қажет, себебі ішкі нарық толығымен импорт өнімдермен қамтылған.

Бұдан басқа, қарағандының құрылыс материалдарының жергілікті тауар өндірушілер нарығында құрылыс материаларының қатары бойынша профициттің жоғары деңгейі байқалуда,  бұл  кәсіпорындардың сатудың, республикалық сияқты, БҰҰ елдерінің сату нарығына шығу қажеттілігін көрсетеді (металл черепица, металл сайдинг, арматура, кабельді-өткізу өнімдері, кірпіш, цемент, асбест қоспалары және т.б.)

Саланың дамуы үшін айрықша потенциал барлық қажеттіліктерді қанағаттандырмайтын (лак бояулар, битум, жылу оқшағыш плиталар, керамикалық плиталар, рубероид, пергамент және т.б.) өндіріс көлемі, позиция қатарлары бойынша байқалуда,

Осындай өнеркәсіптік бағыттардың дамуы саланың әлеуетін дамытуға және қоғамның өзге әлеуметтік-экономикалық салаларында мультипликативті әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, жергілікті қамтуды дамыту және жергілікті тауар өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін инвесторларды тарту мақсатында Қарағанды қаласының аумағында жаңа импортты алмастыратын өндірістерді құру бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылады.

Ықтимал инвесторларға қаржыландыруды және бос аймақтарды қажет ететін, бірлескен немесе жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі үшін инвестициялық жобалар ұсынылады (2 қосымша).

Тағы бір күрделі мәселе білім саласы болып табылады, ол балардың мектепке дейінгі білім қызметімен қамтылуымен, мектепке дейінгі, орташа, техникалық және кәсіби білім объектілерінің тиісті жабдықтармен, құралдармен толық қамтылмауынан көрінеді.

Мысалы, қала бойынша 3-тен 6 дейінгі жастағы шамамен 6000 бала мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілмеген (ең қамтылмаған аймақтар Пришахтинск, Майқұдық).

Онымен бірге, бюджеттік қаражаттардың жетіспеушілігінен жеке бала бақшалар және өзге мектепке дейінгі мекемелер құрылысы маңызды болуда.

Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап қала аумағында жаңа құрылыс үшін жер телімдері сатылымдар (конкурстар, аукциондар) қткізу жолымен жүргізіледі.

Аталмыш аукциондар барлық қатысушылар үшін, оның ішінде жер телімдерін алуға инвесторлар үшін қол жетімді бағаны анықтай және мемлекеттік бюджетті толықтыра отырып тең мүмкіндіктер береді.

Өз кезегінде, Қарағанды қаласының әкімдігімен қаланың дамуының бас жоспарына сәйкес қала аудандарының толық жоспарлануының жоспарын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда, ол қалада бизнестің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Бүгінгі күні, 18 НЖЖ бекітілген. Құрастырылған НЖЖ қаланың келешекте дамуы қарастырылған, оның ішінде: жаңа шағын аудандар, саябақтар, спорт ғимараттарын, мәдени-демалыс объектілерінің құрылысы, туризм инфрақұрылымын және көлік түйіндерінің құрылысы.

Қала тұрғындары және қонақтары үшін маңызды мәдени-демалу объетілерінің бірі Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы болып табылатынын атап кеткен жөн.

Қазіргі таңда, Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта жөндеудің жобасы құрастырылды және бекітілді (1 кезек), аумағы 77,0 га.

Жоба аясында келесі функционалды алаңдар қарастырылған:

- серуендеу алаңы;

- физкультура-сауықтыру;

- балалар ғылыми-білім беру;

- жағалау;

- аквапарк;

- балалар қалашығының аумағы;

- ландшафт-серуендеу алаңы;

- физкультура-сауықтыру;

- аттракциондар алаңы.

Аталмыш жоба құрылыстар және күрделі ғимараттар, оның ішінде: мейрамхана кешендерін, спорт-сауықтыру ғимараттарын, аквапарктардың құрылысын қарастырады, құрылыс үшін жеке инвесторларды тарту жоспарланған.

Қосымша «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» АҚ жүргізген зерттеуінің нәтижесінде алынған Қарағанды қаласының кәсіпкерлік қызметінің түрлі салаларының дамуында халықтың қажеттілігі туралы мәлімет ұсынылады.

Зерттеу аясында кәсіпкерлік қызмет саласының дамуының қажеттіліктерін зерттеу мәселесі бойынша және қала аудандары бойынша қажет кәсіпкерлік қызмет саласын нақты дамыту есебінен келешекте жағдайды теңестіру мақсатында қала тұрғындарымен сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға сәйкес қала аудандарының тұрғындарына кәсіпкерлік қызметтің 29 саласы ұсынылды және әрбір аудан бойынша өзіндік ерекшелік қажеттіліктері анықталды (3 қосымша).

Нәтижесінде ықтимал кәсіпкерлер аталмыш ақпаратты шағын және орта бизнес саласында жеке ісін ашу үшін қолдана алады.

Жалпы, Қарағанды қаласының әкімдігімен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бастамашыларға ҚР әрекеттегі заңнамасының аясында бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының құралдары бойынша көмек көрсетілетін болады.

Толық ақпарат алу үшін «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не келесі координаттар бойынша жүгіну қажет: Бейбітшілік бульвары, 39, 2 қабат; тел.: 8/7212/421505, 419309.


Дата cоздания: 19 Июля 2016 14:46
Дата редактирования: 09 Августа 2016 07:45

Фотогалерея

  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря