• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функңиялары, құкыктары мен міндеттері

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
 

1. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғасынан, ұйымдық-құқыктык және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы билік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз кызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазакстан Республиқасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік қүқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме үйымдык-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-қүқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілегтік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-қүқықтық қатынастардың тарапы болуға қүқыгы бар.

6. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды қаласының әкімі бекітетін әкімдік қаулыларының және әкім шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын ресімдейді, сонымен қатар «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

7. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қүрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі бекітеді.

8. Заңды түлғаның орналасқан жері: индексі 100012, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима города Караганды».

10. Осы Ереже «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функңиялары, құкыктары мен міндеттері

 

13. Миссиясы:

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оның жүзеге асырылуы бойынша кешенді шаралар құруға, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың тетіктері мен әдіс-тәсілдерін жетілдіруге қатысады.

14. Міндеттері:

1) қала әкімі мен әкімдігінің жұмысын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық техникалық қамтамасыз ету;

2) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмыспен күрес жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;

3) Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігінің қарауына енгізілетін нормативтік-құқықтық, құқықтық және әкімшілік-өкімдік актілердің әкімдік Регламентінде белгіленген өткізілу тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік салада және қоғамдық-саяси қатынастарда атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу;

5) стратегиялық және индикативті жоспарларды, әлеуметтік экономикалық дамудың өңірлік даму бағдарламаларын дайындау мен бақылауды ұйымдастыру, қолайлы  инвестициялық жағдай жасау;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

7) терроризмге және діни экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

8) Қарағанды қаласы әкімінің жұмысы туралы тұрғындарды және қоғамды ақпараттандыру;

9) Қарағанды қаласы әкімдігі мен әкімінің және жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерінің, хаттамалық тапсырмалары мен шешімдерінің орындалу мерзіміне бақылау жасауды қамтамасыз ету;

10) қаланың атқарушы органдары жұмысының жалпы өзара іс әрекеті  мен байланысын үйлестіру.

15. Қызметтері:

1) азаматтарды және ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін құрастыру бойынша Қарағанды қаласы әкіміне ұсыныстар енгізу;

2) өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту бойынша шаралар қабылдау, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің құқықтық нормалар шығару жұмысы тетігін жетілдіру:

3) Қарағанды қаласы әкіміне келісім үшін енгізілген нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің акті жобаларын дайындауға қатысу;

4) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әзірлеуші болып табылатын, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында тіркеу, оларды Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында жариялау;

5) мемлекеттік орган басшыларының және «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің аттестаттауын өткізу;

6) құқықтық жалпы оқыту бойынша ісшараларды ұйымдстыру және өткізу;

7) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдері мен қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін бағалауды өткізу.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құкықтық қатынастар жасау, шарттар жасау және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыру;

2) құрылымдық бөлімшелерден, аудандар экімдерінің аппараттарынан қажет ақпарат алу, сонымен қатар оларға орындауға міндетті тапсырмалар беру;

3) барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажет ақпарат, құжаттар және басқа да материалдар сұрау және алу, қала әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктеме сұрау және алу;

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарламаларды, жазбаша түсініктемелерді ұсыну бойынша талаптары аудандар әкімдерінің аппараттары, ведомстволық бағынысты мекемелердің лауазымды тұлғалары үшін міндетті және белгіленген мерзімде орындалуы тиісті;

4) ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, оның ішінде қала аудандары әкімдерінің аппараттарындағы құпия ақпараттық мәліметтерді пайдалану;

5) әкімге және әкімдікке бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы Президентінің мен Үкіметі актілерінің, қала және облыс әкімдіктері қаулыларының, облыс және қала әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу, анықталған жөнсіздіктерді жою, олардың туындау жағдайлары мен себептері бойынша шара қолдану;

6) қала әкіміне қала және аудандар әкімдері аппараттарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасау;

7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылымдық бөлімшелердің, аудандар әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың, әкімге бағынатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін қала әкімдігінің мәжілістерінде қаралатын мәселелерді әзірлеу, проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін қатыстыру;

8) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамыту мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру;

10) жерігікті бюджетті, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірлеуге қатысу және бақылау, олардың орындалуын камтамасыз ету;

11) қала әкіміне және әкімдігіне бағынысты атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;

12) әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон үрдістері, әлеуметтік сақтандыру саласында саясатты орындау және осы мақсатта аудандар әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіру, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін талдау және әзірлеу үшін олардан уақытылы ақпарат алу, әлеуметтік-экономикалық жағдай қағидаларын қалыптастыру;

13) Қазақстан Республикасының заңдарын, Преэиденттің және Үкіметтің актілерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстантан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, анықталған жөнсіздіктерді, олардың орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау;

14) облыс, аудандар әкімдерінің аппараттарымен, облыстық және қалалық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетті қамтамасыз ету;

15) қала әкімдігің, активтерді, кеңестерді, халықаралық кездесулер мен сапарларды, қала әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

16) қала әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, құпия құжаттамамен жұмыс, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;

17) қала әкімінің қатысуымен өткізілетін шараларды ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету, қала әкімі мен оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, олармен өзара әрекетті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, қаладағы экономикалық және әлеуметтік жағдайларды және мәселелерді шешу жолдарын түсіндіру;

18) қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, экімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына орналасу үшін конкурстар өткізу, оқу, тағылымдама ұйымдастыру және кадрлар резервін қалыптастыру;

19)  қала әкмінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын 5 жыл бойы сақтау;

20) қала әкімін және оның аппаратының қызметкерлерін қаржылық- шаруашылық, материалдык-техникалық қамтамасыз ету.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқару «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына  және өзінің қызметтерін жасауына жеке жауапкершіліктегі басшымен жүргізіледі.

18. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарағанды қаласының әкімі тағайындайды және босатады және тікелей басшылығымен жұмыс жасайды.

19. Исключен постановлением акимата города Караганды от 6 августа 2014 года № 32/105 «О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 29 декабря 2012 года № 15/65 «Об утверждении Положения Государственного учреждения «Аппарат акима города Караганды»

20. Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

1) Қарағанды қаласының әкіміне Ережені бекітуге ұсынады, штат және құрылым бойынша ұсыныстарды дайындайды,  «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін Қарағанды қаласы әкіміне бекітуге енгізеді;

2) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді;

3) конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тағайындау және лауазымынан босату туралы Қарағанды қаласы әкімінің қарауына ұсыныстар дайындайды;

4) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне азаматтық қызметшілерді тағайындайды және жұмыстан босатады, сонымен қатар «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін басқару бойынша Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне қайшы келмейтін басқа қызметтерді атқарады;

5) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережесін және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) Қарағанды қаласы әкімінің тапсырмаларын орындауды бақылау бойынша жұмыстарды, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі құжатардың өтуін үйлестіреді;

7) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді;

8) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9) қызметтік құжаттарға қол қояды;

10) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғаларын тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу, қызметтік іссапарға жіберу жөнінде Қарағанды қаласы әкіміне ұсыныстар енгізеді;

11) қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық, құқықтық және өкімдік актілер дайындау үшін жұмыс тобын құрады;

12) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

13) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындамағаны үшін жеке дербес жауапты;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде қарастырылған және Қарағанды қаласы әкімі жүктеген басқа да өкілеттіліктерді атқарады.

 «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігін оның жоқ кезінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын  тұлға атқарады.

21. Исключен постановлением акимата города Караганды от 6 августа 2014 года № 32/105 «О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 29 декабря 2012 года № 15/65 «Об утверждении Положения Государственного учреждения «Аппарат акима города Караганды»

22. Исключен постановлением акимата города Караганды от 6 августа 2014 года № 32/105 «О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 29 декабря 2012 года № 15/65 «Об утверждении Положения Государственного учреждения «Аппарат акима города Караганды»

23. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік с мекемесінің жұмыс тәртібі Қазакстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару қүқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаган өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекегтік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Дата cоздания: 19 Июля 2016 13:10
Дата редактирования: 19 Июля 2016 17:40

Фотогалерея

  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря