Қарағандыда
  • USD 388.70
  • EUR 428.70
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы режеге қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы  6 тамыздағы

№ 32/105 қаулысымен бекітілген

 

 

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы режеге

қосымша

 

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №15/65 қаулысымен  бекітілген «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже)  келесі редакцияда оқылсын:

1. Ереженің 6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«6. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды қаласының әкімі бекітетін әкімдік қаулыларының және әкім шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын ресімдейді, сонымен қатар «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.»;

2. Ереженің 13 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«13. Миссиясы:

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оның жүзеге асырылуы бойынша кешенді шаралар құруға, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың тетіктері мен әдіс-тәсілдерін жетілдіруге қатысады.»;

3. Ереженің 14 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«14. Міндеттері:

1) қала әкімі мен әкімдігінің жұмысын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық техникалық қамтамасыз ету;

2) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмыспен күрес жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;

3) Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігінің қарауына енгізілетін нормативтік-құқықтық, құқықтық және әкімшілік-өкімдік актілердің әкімдік Регламентінде белгіленген өткізілу тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік салада және қоғамдық-саяси қатынастарда атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу;

5) стратегиялық және индикативті жоспарларды, әлеуметтік экономикалық дамудың өңірлік даму бағдарламаларын дайындау мен бақылауды ұйымдастыру, қолайлы  инвестициялық жағдай жасау;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

7) терроризмге және діни экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

8) Қарағанды қаласы әкімінің жұмысы туралы тұрғындарды және қоғамды ақпараттандыру;

9) Қарағанды қаласы әкімдігі мен әкімінің және жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерінің, хаттамалық тапсырмалары мен шешімдерінің орындалу мерзіміне бақылау жасауды қамтамасыз ету;

10) қаланың атқарушы органдары жұмысының жалпы өзара іс әрекеті  мен байланысын үйлестіру.»;

4. Ереженің 15 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

« 15. Қызметтері:

1) азаматтарды және ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін құрастыру бойынша Қарағанды қаласы әкіміне ұсыныстар енгізу;

2) өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту бойынша шаралар қабылдау, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің құқықтық нормалар шығару жұмысы тетігін жетілдіру:

3) Қарағанды қаласы әкіміне келісім үшін енгізілген нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің акті жобаларын дайындауға қатысу;

4) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әзірлеуші болып табылатын, Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында тіркеу, оларды Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында жариялау;

5) мемлекеттік орган басшыларының және «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің аттестаттауын өткізу;

6) құқықтық жалпы оқыту бойынша ісшараларды ұйымдстыру және өткізу;

7) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдері мен қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін бағалауды өткізу.»;

5. Ереженің 17 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«17. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқару «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына  және өзінің қызметтерін жасауына жеке жауапкершіліктегі басшымен жүргізіледі.»;

6. Ереженің 18 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«18. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарағанды қаласының әкімі тағайындайды және босатады және тікелей басшылығымен жұмыс жасайды.»;

7. Ереженің 19 тармағы жойылсын;

8. Ереженің 20 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«20. Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

1) Қарағанды қаласының әкіміне Ережені бекітуге ұсынады, штат және құрылым бойынша ұсыныстарды дайындайды,  «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін Қарағанды қаласы әкіміне бекітуге енгізеді;

2) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді;

3) конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тағайындау және лауазымынан босату туралы Қарағанды қаласы әкімінің қарауына ұсыныстар дайындайды;

4) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне азаматтық қызметшілерді тағайындайды және жұмыстан босатады, сонымен қатар «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін басқару бойынша Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне қайшы келмейтін басқа қызметтерді атқарады;

5) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережесін және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) Қарағанды қаласы әкімінің тапсырмаларын орындауды бақылау бойынша жұмыстарды, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі құжатардың өтуін үйлестіреді;

7) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді;

8) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9) қызметтік құжаттарға қол қояды;

10) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғаларын тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу, қызметтік іссапарға жіберу жөнінде Қарағанды қаласы әкіміне ұсыныстар енгізеді;

11) қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық, құқықтық және өкімдік актілер дайындау үшін жұмыс тобын құрады;

12) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

13) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындамағаны үшін жеке дербес жауапты;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде қарастырылған және Қарағанды қаласы әкімі жүктеген басқа да өкілеттіліктерді атқарады.

 «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігін оның жоқ кезінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын  тұлға атқарады.»;

9. Ереженің 21 тармағы жойылсын;

10. Ереженің 22 тармағы жойылсын.

 


Дата cоздания: 19 Июля 2016 17:28
Дата редактирования: 22 Июля 2016 15:57