Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «___»__________

№____ қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.  Жалпы ережелер

 

1. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі бағыттарын әзірлеуді, қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеуді  және іске асыруды, қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіруді, бухгалтерлік есепке алуды, қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.

4. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Егер «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан шығуға құқылы.

6. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдерді қабылдайды, сондай-ақ, әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің және Қарағанды қаласының әкімдік қаулыларының жобаларын рәсімдейді.

7. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бейбітшілік бульвары, 39-үй.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

1) мемлекеттік  тілде – «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2) орыс тілінде – государственное учрежение «Отдел экономики и финансов города Караганды».

10. Осы Ереже «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер түсіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген, ал мұндай қызметтен алынған пайда мемлекеттік бюджет кірісіне бағытталады.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары және міндеттері

 

13. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

нәтижеге бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты, бюджеттік жоспарлау және атқару жүйесін іске асыру.

14. Міндеттері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық  дамуының болжамын әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-б. 1-т. 1-8тт.);

2) қаланы дамыту бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіреді (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығының 3.5-т.);

3) қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-70 б.);

4) бюджеттің атқаруын ұйымдастырады және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82 б.);

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.

15. Функциялары:

1) қаладағы экономикалық жағдайға талдау жасайды (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығының 4-т.);

2) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-б. 4-т.); 

3) қаланың өзге де мемлекеттік органдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен бірлесе отырып, даму бағдарламалары мен экономиканы дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысады (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығының 3.5-т.); 

4) жоспарлы кезеңге қала бюджетін бекіту бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлейді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-б.); 

5) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-б.);

6) қаланың тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету бойынша  ұсыныстар енгізеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-б.); 

7) жергілікті атқарушы органдар құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің асымды бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-б. 9-т.);

8) сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекеттік меншікке алудың қажеттілігі туралы қорытындылар береді (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-б. 3-т.);

9) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін құрады  (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-б.);

10) бюджеттiк инвестициялық жобалардың іске асырылуына бағалау  жүргізеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 157-б.); 

11) бюджеттік заңнама рәсімдері шеңберінде  бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады және комиссияның қызметін қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 59-б.); 

12) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді, жүргізеді және Қазынашылық департаментіне табыс етеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-б.);

13) түсімдер мен шығыстар бойынша бюджетті атқарады, тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен немесе түзетілген бюджетпен бекітілген сомалар шегінде бюджетік бағдарламаларды толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуын жүргізеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 90-95-б.);

14) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды; қала бюджетінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жұргізеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-б.);

15) бюджеттік мониторингті және бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112-113-б.);

16) жергілікті бюджетті атқару барысында оны нақтылау туралы ұсыныстар енгізеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-б.);

17) ҚСХҚЕС /Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары/ сәйкес бюджеттік есептілікті табыс етеді  (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-б.);

18) сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды  (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 179-б.);

19) жергілікті бюджеттердің қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-186-б.);

20) ұсынылған қолдаухат негізінде жергілікті атқарушы органның резервінде көзделген қаражат шегінде ақшаны бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі жөнінде қорытынды береді («Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N220 қаулысының 49-тарауы);

21) бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және мемлекеттік органның бюджеттік өтінімін жасайды (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32, 67-б.);

22) жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, мемлекеттік органға бөлінетін бюджеттік қаражаттың игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторинг жасалуын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 95-96-б.);

23) мемлекеттік органның балансындағы аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-б. 2-т.);

24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қала аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардан және олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерінен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштерін және мемлекеттік органға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті басқа да ақпараттарды алуға;

2) белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган жанындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының және басқа да мекемелердің мамандары қатарынан консультативтік, қоғамдық кеңестер, сарапшы топтар құруға;

3) ведомстволардан, жергілікті жерлердегі мемлекеттік  басқару органдарынан мемлекеттік органға жүктелген функцияларды орындауға қажетті ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алуға;

4) қала әкімдігіне бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы, толық игерілмеу себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстармен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілуі туралы; жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджет қаражатын игеру қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар бойынша; бюджет комиссиясына жекелеген бюджеттік бағдарламалар (кiші бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы нысаналарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпарат жiберуге;

5) заңнамамен көзделген жағдайларда секвестр белгіленген бағдарламалар (кiші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүргізуді тоқтата тұруға;

6)  бюджеттік бағдарламалар (кiші бағдарламалар) бойынша төлемдер төлеудi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне түсiмдердiң болжалды көлемдерiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмiмен өзгерiстер енгiзуге;

7) қала әкімінің қарауына өз құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

17. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: 

1)  өз құзыретіне сәйкес есептілік пен өзге де ақпаратты рәсімдеп, тапсыру бойынша функцияларды жүзеге асыруға: бюджеттік есепке алудың, бюджетті атқару бойынша есептіліктің және заңнамамен белгіленген өзге де есептіліктің, сонымен қатар, түсімдер бойынша, кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша жергілікті бюджет қаражатын игеру бойынша есептіліктің жүргізілуін,  қайтарымдылық бойынша жұмыс ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасап, қарызшының бюджеттік қредиттерді қайтарып беру жағдайы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етуге;

2) егер мәселе тиістілігі мемлекеттік орган құзыретіне жататын болса, өз атына,  сондай-ақ  Қарағанды   қаласы   әкімінің   және  әкімдігінің    атына енгізілген прокурорлық ден қою, тексеру комиссиясы актілерін қарауға, оларға жауап дайындауға, сондай-ақ оларға мониторинг және талдау жүргізуге, анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін олардың нәтижелері бойынша қала әкіміне тоқсан сайын ұсыныс енгізуге;

3) мемлекеттік орган іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан соттық азаматтық істердің мониторингін жүргізуге, сондай-ақ сотқа арыз беруге ықпал еткен себептерді анықтау мақсатында осы істерге талдау жүргізуге, кейіннен ақпаратты және тиісті ұсыныстарды қала әкіміне ұсынуға;

4) Қазақстан   Республикасының   заңнамасымен,   сондай-ақ   әкімнің  және  әкімдіктің актілерімен жүктелген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік орган құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотта Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің мүддесін білдіру бойынша арыз-талап ету жұмыстарын жүзеге асыруға, сот актілеріне уақтылы шағымдану шараларын қабылдауға;

5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне  қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша аймақтық және қалалық іс-шаралар жоспарларының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуге;

6) егер мемлекеттік орган атына немесе қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түссе, қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде жауаптар даярлап, жолдауға;

7) Қарағанды қаласы әкімінің аппаратындағы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құжат айналымынің жүргізілуін қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік орган құзыреті шегіндегі мәселелерді қарауға қатысты кеңестер мен келіссөздерде қала әкімінің тапсырмасы бойынша шығуға;

9) Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін Қазақстан   Республикасының заңнамасымен белгіленген барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

18. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:      

1)  әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге;

2) дайындалатын Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің заңнамаға және Қазақстан   Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген әкімшілік рәсімдерге сәйкестігіне жауапты болады.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

19. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бірінші басшы басқарады, бірінші басшы «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауапты.

20. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қарағанды облысы әкімінің келісімі бойынша қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын бір орынбасары болады.

22. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

5) мемлекеттік органдарда  және өзге де ұйымдарда Қазақстан   Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан шығады;

6) «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда мемлекеттік сақтауға құжаттарды беру үшін құжаттардың сақтадуын қамтамасыз етеді;

7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жұмыста болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орынбасары жүзеге асырады.

23. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

24. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

25. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшау мүлікке ие бола алады.

26. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден  алынған мүлік (ақшадай кірістерді қоса алғанда) есебінен құрылады.

27. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

28. Заңнамамен өзгедей белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе басқа да тәсілмен билік етуге «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

29. «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.


Дата cоздания: 22 Июля 2016 12:46
Дата редактирования: 22 Июля 2016 12:48

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина