Қарағандыда
  • USD 387.37
  • EUR 428.55
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу тәртібі туралы ақпарат

Қарағанды қаласы ауыл шаруашылық аймағы емес, алайда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде. Өткізілетін жәрмеңкелерде Қарағанды облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және азық-түлік тауарларын қайта өндеу кәсіпорындары қатысады.

Қалада жыл басынан 17 рет ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы облыс бойынша 304,1 млн. теңгеге, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерімен 120,0 млн. теңгеге өнім өткізілді.

Сонымен қоса, тауарлардың тапшылығын болдырмау мақсатында және тұрғындарды бірінші қажеттіліктегі азықтүлік тауарларымен қамтамасыз ету және интервенция жүргізу үшін облыстық тұрақтандыру қоры құрылды.

Барлығы қаламен 2015-2016 жылдарға 1745 тонна өнім тапсырылды.

Сондай-ақ, 2016-2017 жылдарға облыстың тұрақтандыру қорын құруда көкөніс және бакалея өнімдеріне 2200 тонна көлемінде өтінім жіберілді.


Дата cоздания: 04 Августа 2016 11:02
Дата редактирования: 04 Августа 2016 11:03

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина