Қарағандыда
  • USD 378.83
  • EUR 430.99
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Инвесторлар үшін жобалар туралы ақпарат беру ұсыныстар

Кәсіпкерлікті дамыту картасына ұсыныстар

2012 жылы  «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» АҚ жүргізген зерттеуінің нәтижесінде алынған Қарағанды қаласының кәсіпкерлік қызметінің түрлі салаларының дамуында халықтың қажеттілігіне баға берілді.

Зерттеудің мақсаты жалпы қаланың және қала аудандарының дамуындағы өзекті мәселелерді талдау, сонымен қатар түрлі кәсіпкерлік саласының дамуына халықтың қажеттілігін анықтау.

Зерттеу аясында кәсіпкерлік қызмет саласының дамуының қажеттіліктерін зерттеу мәселесі бойынша және қала аудандары бойынша қажет кәсіпкерлік қызмет саласын нақты дамыту есебінен келешекте жағдайды теңестіру мақсатында қала тұрғындарымен сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға сәйкес қала аудандарының тұрғындарына кәсіпкерлік қызметтің 29 саласы ұсынылды және әрбір аудан бойынша өзіндік ерекшелік қажеттіліктері анықталды (1 қосымша).

Қазіргі таңда, Қарағанды қаласында шағын және орта бизнес құрылымында айтарлықтай өзгерістер жоқ, осыған байланысты жоғарыда айтылған ұсыныстар өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, 2014 жылы жаңа импортты алмастыратын құру үшін бос бастамаларды анықтау мақсатында ірі кәсіпорындардың өндірісін ұйымдастыру үшін шығын материалдары ретінде қажет сатып алынатын импорт өнімдерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Аймақтың жүйе құру кәсіпорындарының («АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Корпорация Казахмыс» ЖШС),сонымен қатар қаланың ірі және денсаулық сақтау жүйесі кәсіпорындарының шығын материалдарға қажеттілігі анықталды:

Импортталатын туарлар нарығын зерттеуге сәйкес, келесі қажеттілік анықталды:

1) қаланың медециналық ұйымдары бойынша медециналық өнімдерге қажеттілігі 1000-нан астам, оларға: УДЗ, ЭКГ үшін қағаз, хирургиялық жібек,  этибонд, перифериялық көктамырлар үшін катетерлер және т.б.;

2) «Эфес Казахстан» ШК АҚ бойынша: шыны шөлмектер, шөлмектре үшін қақпақтар, өндіріс жабдықтары үшін бөлшектер, ферменттер, хмель, тоңазтқыш құрылғылар, сыра үшін жабдықтар;

3) «АрселорМиттал Темиртау» АҚ және «Корпорация Казахмыс» ЖШС бойынша болат, кірпіш, тік жапсарлы құбырла, пештер үшін бөлшектер жабдықтар және т.б. сияқты 5000 атаулы тауарларға қажеттілігі анықталды;

4) «Фармация 2010» ЖШС бойынша флакондар және бәңкелер, М-78 қаптау қағазы;

5) «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС аяқ киім былғарысы, фурнитура, желім және химиляқы материалдар мен т.б.

Өзге кәсіпорындар бойынша осыған ұқсас ақпарат ұсынылған (Қосымша 2).

Бұдан басқа, қарағандының құрылыс материалдарының жергілікті тауар өндірушілер нарығында құрылыс материаларының қатары бойынша профициттің жоғары деңгейі байқалуда,  бұл  кәсіпорындардың сатудың, республикалық сияқты, БҰҰ елдерінің сату нарығына шығу қажеттілігін көрсетеді (металл черепица, металл сайдинг, арматура, кабельді-өткізу өнімдері, кірпіш, цемент, асбест қоспалары және т.б.)

Саланың дамуы үшін айрықша потенциал барлық қажеттіліктерді қанағаттандырмайтын (лак бояулар, битум, жылу оқшағыш плиталар, керамикалық плиталар, рубероид, пергамент және т.б.) өндіріс көлемі, позиция қатарлары бойынша байқалуда.

Осындай өнеркәсіптік бағыттардың дамуы саланың әлеуетін дамытуға және қоғамның өзге әлеуметтік-экономикалық салаларында мультипликативті әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, жергілікті қамтуды дамыту және жергілікті тауар өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін инвесторларды тарту мақсатында Қарағанды қаласының аумағында жаңа импортты алмастыратын өндірістерді құру бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылады.

Тағы бір күрделі мәселе білім саласы болып табылады, ол балардың мектепке дейінгі білім қызметімен қамтылуымен, мектепке дейінгі, орташа, техникалық және кәсіби білім объектілерінің тиісті жабдықтармен, құралдармен толық қамтылмауынан көрінеді.

Мысалы, қала бойынша 3-тен 6 дейінгі жастағы шамамен 6000 бала мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілмеген (ең қамтылмаған аймақтар Пришахтинск, Майқұдық).

Онымен бірге, бюджеттік қаражаттардың жетіспеушілігінен жеке бала бақшалар және өзге мектепке дейінгі мекемелер құрылысы маңызды болуда және осыған байланысты мектепке дейінгі білімді дамыту үшін мемлекеттік-жеке серіктестік аясында көмек көрсету қажет.


Дата cоздания: 04 Августа 2016 13:07
Дата редактирования: 09 Августа 2016 07:46

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина