Қарағандыда
  • USD 386.77
  • EUR 427.26
  • RUB 6.00
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Өнеркәсіп қалпы туралы ақпарат

Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының өнеркәсібі дамыған бірден-бір өңірі болып табылады және өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімін өндіру, сыра№ маргарин өнімдері мен көмір шығаруда алдыңғы шепте тұр. 

Жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар: «Эфес Қазақстан» ШК АҚ, «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Евразиан Фудс»АҚ, «Имсталькон» – Қарағанды металл конструкциялары зауыты» ЖШС, «Қарағанды металл бұйымдары зауыты» ЖШС, «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС «Қарағанды Су» ЖШС.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 143 млрд. 802,7 млн. теңгені немесе 2015 жылдың көрсеткішіне (нақтыланған көрсеткіштер – 130991,1 млн. теңге) 109,8% және жоспарға (130658,6 млн. теңге) 110,1% құрады. НКИ 106,0%.

Өнеркәсіп өнім өндіру көлемінің НКИ-нің оң көрсеткіші қаланың ірі және орта кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілді, олардың өндіріс көлемдері 105 млрд. 572,3 млн. теңгені немесе 2015 жылға (2015 жылы нақты 91,5 млрд. теңге) 115,4% құрады. НКИ 104,0%.

Оның ішінде, салалар бойынша:

- өңдеу өнеркәсібі 28,7% (58 млрд. 636,9 млн. теңге, НКИ – 106,6%; «Евразиан Фудс» АҚ, «Тау Кен Темир» ЖШС, «Қарағанды Нан» Корпорациясы», «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Фармация 2010» ЖШС,  «Завод Металл Профиль» ЖШС, «Карагандинский турбомеханический завод» ЖШС);

- электрмен қамту 6,3% (41 млрд. 799,9 млн. теңге, НКИ – 107,9%; «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС);

- сумен қамтамасыз ету 18,3% (4147,5 млн. теңге, НКИ – 112,6%; «Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Караганды» ЖШС).

Өнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша оң көрсеткіштерге келесі іс-шаралар арқылы қол жеткізу жоспарлануда:

- «Тау-кен Темир» ЖШС өндіріс көлемін арттыру (2016 жылға жоспар – 20,0 мың тонна кремний немесе 2015 жылға 180,0% (11,1 мың. тонна);

- «Қарағанды Нан Корпорациясы» ЖШС (1500 тонна макарог өнімдері) «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (электр және жылу энергиясын 35,8 млрд. теңге өндіру, 2015 жылдың көрсеткішінен 13,6% немесе 4,3 млрд. теңгеге артық) (31,5 млрд. теңге), «Қарағанды Сарыарқа Нан» ЖШС (жылына 21900 тонна нан өнімдері) жаңа жобаларын іске қосу;

- «Евразиан Фудс» АҚ, «Эфес Қазақстан» ШК АҚ (а.ж. екінші жарты жылдығынан бастап жоспарлы көрсеткіштерді орындау), «Азия Метиз» ЖШС сияқты НҚИ ірі кәсіпорындардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау есебінен.

Сонымен қатар, әрекеттегі өндірісті жаңғырту және кеңейту мен жаңа өндірістерді құру бойынша бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:

- а. ж. қаңтар айында «ISS Engineering» ЖШС құны 250 млн. теңге, 5 жаңа жұмыс орындарын құрумен құбыр панельдерін дайындау бойынша желі іске қосылды;

- а. ж. мамыр айында «COFFEE CTS GROUP» ЖШС қызметін кеңейту үшін құны 18,0 млн. теңге кофені қуыру бойынша жабдық сатып алынды;

- а. ж. шілде айында ЖК «Елена» құны 18,5 млн. теңге, тосол және антифриз өндірісі бойынша жоба іске қосылды.

- а. ж. шілде айында «KAZ Феррит» ЖШС – құны 1 821,6 млн.  теңге, 134 жаңа жұмыс орындарын құрумен, «айналмалы сумен қамтамасыз етумен жылына қуаты 500 мың тонна көмір байыту бойынша фабрика құрылысы» жобасы іске қосылды.

- а.ж. шілде айында «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС құны 740 млн. теңге, фармацевтика қоймасы пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін келесі өндірістерді іске қосу жоспарлануда:

- «BendMittal» ЖШС – «Металл құрылымдар зауытының құрылысы» - 160 млн. теңге, 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен.

- «Панов Ю и К» ЖШС - «Трикотаж бұйымдарының өндірісі» - 18,5 млн. теңге, 6 жаңа жұмыс орындары құрумен.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасына Қарағанды қаласына жалпы сомасы 104 млрд. 993,9 млн. теңге, 2677 жаңа жұмыс орындарын құрумен 31 инвестициялық жоба енгізілді.

2010-2015 жылдары жалпы сомасы 47 млрд. теңге, 1570 жаңа жобасын құрумен 25 жоба енгізілді.

2016 жылға 25 жоба бойынша 38 млрд. 166,3 млн. теңгеге немесе 2015 жылға 136,9% (2015 жылы нақты – 27,9 млрд. теңге) өнім шығару жоспары құрастырылды.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында іске қосылған жобалар өндіріс көлемі 21,8 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 123,2% (17,7 млрд. тенге) құрады.

2016 жылға жалпы сомасы 35 млрд. 966,3 млн. теңге, 627 жаңа жұмыс орнын құрумен 4 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Оның ішінде, а.ж. басынан 2 жоба іске қосылды:

1. «Қарағанды-НАН Корпорациясы» ЖШС - Өндірісті кеңейту және жаңғырту. Жобаның жалпы құны 608,5 млн. теңге, 34 жаңа жұмыс орнын құрумен. Жоба 2016 жылдың 9 сәуірінде іске қосылды.

2. «Караганда Энергоцентр» ЖШС – Қарағанды ЖЭС-3 кеңейтудің 3 кезеңі. Жобаның жалпы сомасы 31 957,8 млн. теңге, 55 жаңа жұмыс орындарын құрумен. Жоба 2016 жылдың 12 мамырында іске қосылды.

3. «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС – өнімді Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сарань, Абай қалаларында сатумен нан зауытының құрылысы.

Жобаның жалпы құны 1800 млн. теңге, 338 жаңа жұмыс орындарын құрумен. Жобаны 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда.

4. «Қарағанды целюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС – макулатураны қатты қағаз және жазу қағазына қайта өңдеу бойынша өндіріс, целлюлоза өндірісін ұйыдастыру.

Жобаның жалпы құны 1600 млн. теңге, 200 жаңа жұмыс орнын құрумен.

Қазіргі таңда қаржы іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қоса инвесторларды тарту мәселесі қарастырылуда.

Әрекеттегі өндірістердің және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қызметінің мониторингі тұрақты бақылауда.


Дата cоздания: 04 Августа 2016 11:22
Дата редактирования: 05 Августа 2016 18:54

Афиша

19 Қыркүйек "Охота на мужчин" 20 Қыркүйек Выставка молодых художников «SERPIN-2019» 27 Қыркүйек Благотворительная выставка в помощь художнице 20 Қыркүйек Концерт постоянного резидента «Comedy Club» стэндапера Андрея Бебуришвили 21 Қыркүйек Киноклуб eTV: Синонимы 10 Қазан Шоу-балет «Todes» 20 Қыркүйек Jah Khalib – большой осенний концерт в Караганде 25 Қыркүйек Открытие 37 концертного сезона симфонического оркестра 26 Қыркүйек Открытие 32 концертного сезона академического оркестра имени Таттимбета 7 Қазан Концерт металл-группы «Vader» 11 Қазан Nautilus Pompilius. "35 Лет. Большой юбилейный концерт" 12 Қазан "The Hatters" 16 Қазан ХОР ТУРЕЦКОГО - БОЛЬШОЙ КОНЦЕРТ "ЛУЧШЕЕ" В КАРАГАНДЕ 25 Қазан «Звери» 26 Қазан Жак Энтони 29 Қазан MiyaGi & Эндшпиль 8 Қараша Каспийский груз 15 Қараша Юрий Шатунов в Караганде 21 Қыркүйек Цирк "Шапито Москва" 22 Қыркүйек Карагандинский зоопарк

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина