Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жоба

2016 жылға мүгедектер
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы», 2015 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының                            1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6 тармағына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 14010 бойынша тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде             2016 жылғы 10 тамызда жарияланған) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі
Н.Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «___»_____ №___
қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

«Центрэнергомеханизация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

73

2

1

2.

Карағанды вагон жөндеу депосы филиалы «Қамқор вагон» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

218

3

6

3.

«Экспериментальный завод» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

98

2

1

4.

«Конфеты КарагандыГрупп» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

243

3

7

5.

«КарагандаЭнергоремонт» Акционерлік қоғам

252

4

10

6.

«PowerBeton» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

81

2

1

7.

Қарағанды қаласының «Қарағанды қаласының перзентханасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

238

3

7

8.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қарағанды облысының Қарағанды қаласының 2 психоневрогиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

305

4

12

9.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық наркологиялық диспансері» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

283

4

11

10.

«Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

153

3

4

11.

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

3

4

12.

Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Деңсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды қаласының №1 емханасы»

399

4

15

13.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекеме

327

4

13

14.

«Карагандинский завод металлоконструкций - Имсталькон» ЖШС

827

4

33

15.

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаменті

273

4

10


Дата cоздания: 25 Ноября 2016 13:18
Дата редактирования: 25 Ноября 2016 13:20

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина