Қарағандыда
  • USD 389.62
  • EUR 429.98
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

БІРЛЕСКЕН
ШЕШІМ ЖӘНЕ ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ


Қарағанды қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Қарағанды қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;
2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;
3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;
4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - тегін жолақы.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.
3. «Қарағанды қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды қаласының еңбек және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары              И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынасқа қолданылады.


Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы     Қ. Бексұлтанов


Сессия төрағасы       Б. Зорин


Қарағанды қаласының әкімі                                       Н. Әубәкіров
 


 


Дата cоздания: 15 Апреля 2017 12:17
Дата редактирования: 15 Апреля 2017 12:21

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина