Қарағандыда
  • USD 388.07
  • EUR 427.54
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы туралы»

ЖОБА
«Қарағанды қаласының
жалпы білім беру және
арнайы білім беру ұйымдары
топтарының (сыныптарының)
толықтырылуы туралы»

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 10275 тіркелген) сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласының жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) есептелген толықтырылуының сандық мәні осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35