Қарағандыда
  • USD 387.37
  • EUR 428.55
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыру үшін орындар анықтау туралы

Жоба

Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыру үшін орындар анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27 бабына, «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ереженің 101, 102 тармақтарына сәйкес, көшпелі сауда үшін орындар анықтау мақстаныда Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды қаласының аумағында көшпелі сауда үшін қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

2. Қарағанды қаласы әкімдігінің «Көшпелі сауда туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі №34/03 қаулысының және «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы» 2012 жылғы 22 мамырдағы №25/08 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің  орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.

Қала әкімі
Н. Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «__» «_______»
№_______ қаулысына
қосымша

1. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының аумағындағы көшпелі сауда орындарының тізімі:
1. Бұқар жырау даңғылы (Бұқар жырау, 74, «Дәмежан» дүкені және Бұқар жырау даңғылы, 76 «Мечта» сауда үйінің арсында);
2. Нүркен Әбдіров даңғылы (Нүркен Әбдіров даңғылы, 26, «Мечта» сауда үйіне қарама қарсы);
3.   Құрылысшылар даңғылы (Құрылысшылар даңғылы, 6/4, «Береке» сауда үйінің алдындағы аумақ);
4. Бейбітшілік бульвары (Бейбітшілік бульвары, 26, «Имидж» дүкеніне қарама қарсы саябақ);
5. Бейбітшілік бульвары (Бейбітшілік бульвары, 5 және «Диеттікасхана» аялдамасының арасында);
6. Гоголь көшесі (Гоголь көшесі бойынша, №57 үйге қарама қарсы);
7. Ермеков көшесі (Ермеков көшесі, 62, «Айман» дүкенінің жанында);
8. Кривогуз көшесі (Кривогуз көшесі, 33, «Казинвестбанк» акционерлік қоғамы және әлеуметтік павильон арасында);
9. Ержанов көшесі (Ержанов көшесі, 46, «Садрэ» мейрамханасының жанында);
10. «Степной – 3» шағын ауданы («Степной – 3», 8, «Турист» дүкенінің жанында);
11. Бұқар жырау даңғылы (Бұқар жырау даңғылы, 11, «15 дүкен» аялдамасы).

2. Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы көшпелі сауда орындарының тізімі:

1. Көгілдір тоғандар шағын ауданы, №17 үймен шектескен аумақта);
2. 18 шағын ауданы, №12 үймен шектескен аумақта, («Феллида» дүкені);
3. 17 шағын ауданы, №41,42 үйлерімен шектескен аумақта (Халық банкінің филиалы);
4. 15 шағын аудан, №25 үй маңында;
5. 23 шағын ауданы, 3/1 құр. Шектескен аумақта («Вест Корпорациясы»);
6. Мануильская көшесі, №19 үймен шектескен аумақта («Рахат» дүкені);
7. Медицинская көшесі, 60 үй маңында;
8. Зелинская көшесі, 23/22 шағын ауданы, №23 үймен шектескен аумақта.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина