Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

жоба

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.«Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына Т.С.Қалмахановқа жүктелсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қала әкімі
Н. Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________
№_________ қаулысына
қосымшаБірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі


Рет №-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

Әкімшісі «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

2.

Қызметтер:

2.1.

Әкімшісі «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

Әкімшісі «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2.3.

Әкімшісі «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде аудан аумақтарын қала құрылыстық дамыту сызбасын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу


Дата cоздания: 12 Апреля 2016 12:11
Дата редактирования: 12 Апреля 2016 12:13

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина