Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыру үшін орындар анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Iшкi сауда ережелерінің 101, 102 тармақтарына сәйкес, көшпелі сауда үшін орындар анықтау мақстаныда Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласының аумағында көшпелі сауда үшін қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
2. Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Көшпелі сауда туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 34/03 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде 47683 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 қыркүйекте №109 «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған);
2) «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы» 2012 жылғы 22 мамырда № 25/08 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде 66239 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде №82 (21246) «Индустриальная Караганда», 2012 жылғы 10 шілдедегі №112 (21318) газеттерінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін  қолданысқа енгізіледі.


Аким города                                                                                 Н. Аубакиров
 


 


Дата cоздания: 03 Мая 2016 15:47
Дата редактирования: 03 Мая 2016 15:48