Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақталған адамға куәлік беру

Мемлекеттік қызметтің атауы

Ақталған адамға куәлік беру

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ,

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап:
      куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақталған адамға куәлік (телнұсқасын) беру туралы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон береді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келіп жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтініштің үзбелі талонының негізінде беріледі.

Қызметті көрсету нәтижесі

«Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысыменhttp://karaganda-akimat.gov.kz/media/ico_files/site.png бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы

 


Дата cоздания: 19 Июня 2016 12:13
Дата редактирования: 19 Июня 2016 12:19

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина